Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СТАТИСТИКА ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

СТАТИСТИКА ТУРАЛЫ ЗАҢҒА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистика туралы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ондағы өзгерістер статистикалық деректерді жинау тетігін жетілдіруге бағытталған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық статистика департаменті басшысының орынбасары Гүлмира Нұрқабылова мәлімдеді.
- Мемлекеттік статистика туралы Заңының 12-1 және 12-2-баптары жаңа редакцияда қабылданды. Бұл заң жобасы қабылданғаннан кейін формаларды қысқарту процесі жеделдей түседі. Есептемелерді кәсіпкерлік субъектілері, бюджеттік ұйымдар тапсырады, сондай-ақ, сауалнамаға қарапайым азаматтар қатысатын болады. Бұл – жүктеме. Ал, өз уақытында тапсырмағаны анықталса немесе күмәнді деректер байқалса арнайы жауапкершілік қаралған. Аталған өзгерістер 2024 жылғы 8 маусымнан бастап күшіне енетін болады,- деді Гүлмира Жеткергенқызы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
16 мамыр 2024 ж. 180 0