Жүргізуші куәлігін алуда өзгеріс бар

– Талапкер бірінші реттен теориялық немесе практикалық емтиханды тапсыра алмаса, келесі күні тапсыру мүмкіндігі бар. Екінші реттен де тапсыра алмаған жағдайда, бір ай мерзім өткен соң тапсырады. Егер практикалық емтиханды үшінші ретте де сәтсіз тапсырған жағдайда тапсырылған теориялық емтиханның нәтижелері жойылады. Осылайша, теориялық емтиханды тапсыру мүмкіндігі тек екі ай уақыт өткен соң тапсыру мүмкіндігі туады. Ал, теориялық емтихан барысында қандайда бір талапты бұзса, емтихан тоқтатылып, қайта тапсыру мүмкіндігі үш ай мерзімнен кейін беріледі, – деді Нұржан Темірханұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі