Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүргізуші куәлігін алу үшін онлайн оқу форматы жойылуы мүмкін

Жүргізуші куәлігін алу үшін онлайн оқу форматы жойылуы мүмкін

Ішкі істер министрлігіне қарасты Әкімшілік полиция комитеті көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр. Оған сәйкес, алдағы уақытта қазақстандық автомектептер жүргізуші куәлігін беру үшін адамдарды онлайн және қашықтан оқыта алмайды. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған құжат жобасынан белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2016 жылдан бері жүргізушілерді даярлау тәртібі бірнеше мәрте жеңілдетілген еді. Онлайн және қашықтан оқу тәртібі енгізіліп, автомектепте міндетті түрде оқу талабы алынып тасталды. 
Құжат жобасына сәйкес, офлайн оқыту теориялық, практикалық сабақтардан құралады. Әрбір пән бойынша теориялық сабақтар күніне екі сағаттан, ал практикалық сабақтар алты сағаттан аспайтындай жоспарланады.
Осылайша, сабақтарға қатысатын әр адам бір күн ішінде:
  • автотренажерде кемінде бір сағат;
  • оқу автомобилінде «лекте жүру» жаттығуын, сондай-ақ төрт сағат ішінде пысықталатын, жүк тасымалдаумен байланысты жаттығуларды қоспағанда, кемінде екі сағат оқиды.
Құжат жобасы 24 наурызға дейін жария талқыға ұсынылған. 
07 наурыз 2023 ж. 188 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930