Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын Жеңіс күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнімен құттықтады
Фото: news2.ru

«Құрметті отандастар!
Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын!
Біз 9 мамырда бейбіт өмір мен тыныштықты қорғау жолында құрбан болып, майдан даласынан қайтпай қалған батырларымыздың рухына тағзым етеміз. Соғыс және тыл ардагерлеріне шексіз ризашылық білдіріп, айрықша құрмет көрсетеміз. Қазақстан адамзаттың ортақ жеңісіне, жер бетінде әділдік пен бостандықтың салтанат құруына өлшеусіз үлес қосты. Аға буынның екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлігі мен еңбегі өскелең ұрпақ үшін қайсарлықтың, жанқиярлықтың және отаншылдықтың озық үлгісі болып қалатыны сөзсіз. Бүгінде біз ұлтымыздың қаһарман ұл-қыздарының арқасында алаңсыз еңбек етіп, ұрпақ өсіріп, жарқын болашаққа қадам басып келеміз. Сол үшін оларға мәңгі қарыздармыз. Ешкім де ешқашан ұмытылмайды! Ардагерлерімізге әрдайым бас иеміз! Бейбітшіліктің қадірін түсініп, оны сақтай білейік! Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Жеңіс күні құтты болсын», деді Президент.

аа
09 мамыр 2024 ж. 232 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031