Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » САН ҰЛТҚА САЯ БОЛҒАН ШИЕЛІ

САН ҰЛТҚА САЯ БОЛҒАН ШИЕЛІ

Шиелі – түрлі ұлт өкілдері ұйысып отырған киелі мекен. Бір кездері ата-бабасы ту тіккен туған жерден қиындықпен ұзап, қоныс аударған олардың қай-қайсысына да қазақ халқы жылы құшағын айқара ашты. Кеңестік жүйе қыспағымен қазақ даласын паналаған бөтен жұрт осында тұрақтап қалды, өсті-өнді. Достық пен ынтымақ бар жерде, береке мен ырыс болары айдан анық. «Бірлік болмай, тірлік болмас» дейді бабалар сөзі. Расында, берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан еш жалықпаған.

М і н е , е л д і ң қарыштап дамуына да, ең алдымен, ұлтаралық саясаттағы тұрақтылыққа негізделген қағидаттың ықпалы зор. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттің э к о н о м и к а л ы қ ө с у і , әлеуметтік ілгерілеуі, қоғам бірлігі ұйысқан және сақталған жағдайда ғана жүзеге асады. Ал ұлттар арасындағы бірлікті қамтамасыз ету – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың маңызды шарты. Қазақтың байтақ даласы – бүгінде 130- дан астам ұлт өкілінің ортақ Отаны. Қазіргі таңда облыс көлемінде 96 пайыз қазақ, 4 пайызға жуық өзге ұлт өкілі тұрады. Яғни, облыста 30 мыңның үстінде өзге этнос өкілі өмір сүріп жатыр. Ал Шиелі ауданында 3 067 өзге ұлт өкілі ғұмыр кешуде. Атап айтқанда, орыстар – 1 650, кәрістер – 718, шешендер – 34, татарлар – 35, өзбектер – 520, украиндер – 20, әзірбайжандар – 11, немістер – 22, қырғыздар – 2, беларустар – 50, ұйғырлар – 3, қырғыздар – 2, чуваштар – 1, қытайлар – 1, тағы басқа ұлттар мен ұлыс өкілдері ауданның тұрғылықты тұрғынына айналған. Сондай-ақ аудан көлеміндегі 8 мекеме мен ірі кәсіпорындарда 412 этнос өкілі жұмыс істейді. Атап айтсақ, білім бөлімінде 29 қызметкер мен 164 оқушы, «Волковгеология» АҚ филиалы №23 геологиялық барлау экспедициясында 98, «РУ-6» ЖШСде 64, Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінде 32 студент, «КАР – Logistics» ЖШС Иіркөл филиалында 8, «Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК-де 2, «Арман» мәдениет үйінде 1 қызметкер еңбек етеді. Саралап қарасақ, өңірде өмір сүретін ұлттардың ең көбі – орыстар мен кәрістер. Олар Шиелі кенті, Ақмая, Бәйгеқұм, Бәйтерек ауылдық округтерінде мекендейді. Ауданда тұратын этнос өкілдері өте ұйымшыл. Олар өңірдегі атомөнеркәсіп, білім беру, денсаулық сақтау, спорт салаларында, ірі кәсіпорындарда, еңбек ұжымдарында қызмет атқарып, қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік өмірге белсене араласады. Қоғамдық келісім мен саяи тұрақтылық – біздің басты байлығымыз. Бұл жетістіктерді бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету – әрбір Қазақстан азаматынының міндеті дер едік. Келісім бар жерде, бірлік бар. Ал бірлік болса, биік мақсаттарға жететініміз анық.

Айнұр ИБРАШ
01 мамыр 2024 ж. 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930