Машина жасау зауыты сан түрлі өнім шығарады
Еліміздегі экономиканың ең негізгі тірегі болатын отандық өндіріске көп көңіл бөлініп жүр. Әсіресе мұндай қолдау сезінген машина жасаушылар өз өнімдерін шетелге де экспорттай бастады. Отандық машина жасаушылар ортасынан ойып тұрып орын алған «Қазақмыс» корпорациясы құрамындағы «Maker» ЖШС-KLMZ тауары «Қарағандыда жасалған» деген таңбамен тарап жатыр.
Суретті түсірген – Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ
Тоқсаныншы жылдары тарыдай шашылып, темір-терсекке өтіп кетпей аман қалған Қарағандыдағы тау-кен, шахта жабдықтарын жөндеу зауыты бүгінде еңсесін әбден тіктеп алған. Бұрындары тек «Қазақмыс» корпорациясының қажетін өтеп келген зауытқа кейінгі уақытта тапсырыс төпелеп түсе бастапты. Қазір басқа да алпауыт компаниялардың сұранысын қамтамасыз етіп жатыр.
– Біз 2019 жылға дейін компанияның негізгі тапсырыс берушісі «Қазақмыс» корпорациясына өнімдер дайындап келдік. Сол жылдан бастап темірден түйілген бұйымдарды пайдаланушылар санын арттыра бастадық. Бүгінде басқа компанияға жасалған бұйымдарымыз 2 пайыздан 22 пайызға дейін өсті. Бұрын тек тау-кен саласындағы кəсіпорындарға ғана жұмыс істесек, қазір мұнай өндіру секторына да өз өнімдерімізді ұсынамыз. Сонымен қатар теміржол саласына да бет бұрдық. Мысалы, Астанада шығарылатын «Тальго» электровозына, «Қамқор-Астана», «Қамқор-Локомотив» серіктестіктеріне арнайы бөлшектерді дайындаймыз. Бұрын корпорация үшін 4 мыңдай бұйым шығарсақ, оны 6 мыңға дейін арттырдық. Бір ғана құю өндірісі цехы тек қана анкерлік гайкаға арналса, бүгінде 45 түрлі қосалқы жабдықты шығарады. Айына əзірленген 6-8 тонна бұйымдар 25 тоннаға дейін жетті, – дейді «Maker» ЖШС-KLMZ-ның өндіріс директоры Андрей Сафонов.
Кәсіпорын тау-кен шахталарының, байыту фабрикаларының, мыс балқыту зауыттарының жабдықтарын, техникалардың қосалқы бөлшектерін шығарады. Онымен қоса, істен шыққандарын жөндейді. Крандар, жерасты автобустары, флотациялық машиналар, конвейерлік желілер, көмір таситын вагонеткалар, шахта түбіндегі суды соратын сорғы, жүздеген тонна топырақты ұстап тұратын анкерлік бекітпе, кеніштердегі ауыр техниканың бөлшектері, пойыздың тежегіштері сынды мыңдаған бұйым жасалады.
Зауыт өнімдері Қырғызстан мен Өзбекстанға экспортталады. Өндіріс директорының айтуынша, сенімнің нығайып, сұраныстың көбеюіне басты себеп – тұтынушылардың көбеюі және тәжірибелі мамандар қолынан шыққан нәтижелі жұмыс.
– «Подольск машина жасау зауыты» мен «ПромСибЭнерго» компанияларының тапсырысын орындадық. «ПромСибЭнерго» компаниясына жылу электр орталығындағы ауыр кранға арналған қосалқы бөлшек дайындап, «Подольск машина жасау зауытын» арнайы металл жабдықтармен қамтамасыз еттік, – дейді Андрей Сафонов.
Әрине, мұндай алпауыт кәсіпорынның қуатты өндірістік паркі жаңарып отыруы керек. Бұл тұрғыдан әзірге кемдік жоқ. Жаңа техникалық жабдықтар жеткілікті деңгейде. Зауыт ішіне кіре қалсаңыз, түрлі металл жабдықтары мен қосалқы бөлшектер шығаратын, металл кесетін станок, дəнекерлеу роботы, дайындау, сығымдау, газбен кесу жəне ию арқылы жабдықтарды күрделі жөндеуден өткізетін цехтарды көресіз. Заманауи қондырғылардың неше атасы бар. Солардың арқасында зауыт бұйымдары 100 пайыз дəлдікпен шығады. Еліміздегі СББ станоктардың ең ауқымды паркі осында көрінеді.
Зауыт өңдеудің барлық кезеңінде «Renishaw» датчиктерін пайдаланып, станокта бөлшектерді өлшеп жəне импорттық кескіш құралды қолдана отырып, жоғары жылдамдық пен жоғары дəлдікте өңдеуді қолданады. «SIEMENS NX», «Teamcenter» бағдарламалық өнімдері базасында өндірісті конструкторлық жəне технологиялық дайындаудың бірыңғай жүйесін, құрал ұзындығын анықтау үшін «Zollerd» өлшеу машинасын пайдаланады. Зауыттың конструкторлық-технологиялық басқармасы бар. Кез келген жаңа бұйымның сызбасы осында сызылады. Мұндай функцияларды атқаратын 230 станок бар.
Кәсіпорын өнімдеріне төлқұжатымен қоса кепілдік те беріледі. Зауыттың Қарағандыдан тыс, Балқаш, Жезқазған қалаларында кəсіпорындары бар. Үш қалада 2 мыңға жуық адам еңбек етеді. Жәнібек Байғабелов басқаратын ірі машина жасау кəсіпорны 2021 жылы «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша «Алтын сапа» сыйлығын алған болатын. «Қазақстанның үздік тауары» да атанған. Ел нарығына ғана емес, экспортқа ай сайын тонналап өнім шығарып отырған бұл зауыттың келешегі зор екеніне күмән жоқ.

Қарағанды облысы