Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жайық өзенінде су деңгейі 8 метрге жетті

Жайық өзенінде су деңгейі 8 метрге жетті

Жайық өзеніндегі су деңгейі Орал қаласы тұсында бір тәулікте 13 сантиметрге көтерілді.
«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 19 сәуір күні сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша Оралда Жайық деңгейі 794 сантиметрге жетті, яғни 8 метрге (қауіпті шегі 850 см) жуықтады.

Өзен деңгейі Бәйтерек ауданы Январцев гидробекетінде бірден 28 сантиметрге жоғарылап, 884 сантиметрді (мұндағы қауіпті шегі 1 250 см) көрсетті.

Жайық өзені сондай-ақ Көшім (+2, 788 см) мен Тайпақ ауылы (+9, 495 см) тұсында да көтерілуде.

Сонымен қатар Көшім каналында су деңгейі 823 сантиметрге жетті (+2, қауіпті шегі — 800).

Орал қаласы мен Жайық өзені бойында орналасқан 84 елді мекенге төнген қауіп әлі сейілген жоқ.
19 сәуір 2024 ж. 356 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (9451).

07 қараша 2026 ж.

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30