Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында ірі есірткі арнасы жойылды

Қызылорда облысында ірі есірткі арнасы жойылды

Қызылорда облысы мен Байқоңыр қаласы бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткі заттарын жеткізудің өңірлік арнасын жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«2024 жылдың наурыз айында Қызылорда қаласында 3,5 кг апиын сатуға әркеттенген Қазақстанның 5 азаматы ұсталған еді. Қосымша іс-шаралар барысында заңсыз сора өсіру жөніндегі астыртын зертхана табылды. Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлігі және 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жариялануға жатпайды.
17 сәуір 2024 ж. 276 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (9413).

20 маусым 2026 ж.

№45 (9412).

16 маусым 2026 ж.

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930