Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шымкенттің бірнеше көшесін су басты

Шымкенттің бірнеше көшесін су басты

Шымкентте 16 сәуірде толассыз жауған жауын-шашыннан қаладағы бірнеше көшелерді су басты. Соның салдарынан ирригация жүйелердің су өткізу қабілетінің күші жетпей, жерасты жолдары мен аулалар, көлік жолдары, сауда орындары суға толды, деп хабарлады turkystan.kz Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Қалалық әкімдіктегілер шаһардағы бес ауданда көшелерді жауын суынан арылту жұмыстарына 5 компания жұмылдырылғанын хабарлады.

Атап айтқанда, Абай ауданында "KazStroyCapitalLTD" ЖШС тарапынан 7 дана ассенизатор, 5 дана мотопомпа, 25 адамнан туратын арнайы бригада жұмыс жасауда. Ал Әл-Фараби ауданы бойынша "Таза Өлке" ЖШС тарапынан іске 8 дана ассенизатор, 3 дана мотопомпа мен 20 жұмысшы тартылған.

Қалалық ТЖД жаңбыр суын сору жұмыстарына әкімдіктің коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері мен техникалары жұмылдырылып, су толығымен айдалғанын, қаладағы жағдай қалыпты екенін айтты.

"Қазір әлеуметтік желілерде видеолары таралған учаскелерде жағдай қалыпты. ТЖД және жергілікті атқарушы органның су сору құрылғылары арқылы жауын суы қауіпсіз жерге шығарылды. Су жиналу фактілерінің негізгі себептері – ирригациялық жүйелердің су өткізу қабілетінің күші жетпеуінен сулар жиналған. Қазіргі таңда жағдай қалыпты",-деді қалалық ТЖД Төтенше жағдайдың алдын алу бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Ирисмат Махмудов.
17 сәуір 2024 ж. 120 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930