Облыста су маржандарын қорғау акциясы жүргізілуде

– Өздеріңізге белгілі, Қызылорда облысында балық шаруашылығын өңірлік дамытудың 2030 жылға дейін бағдарламасы қабылданған еді. Бағдарлама аясында 2030 жылға қарай облыста 16 мың тонна тауарлы балық өсіру көлеміне жеткізу межеленген. Бүгінгі күннің өзінде бағдарлама индикаторын орындауда оң нәтиже бар. Өңірлік бағдарлама аясында облыс бойынша 76 тауарлы су айдыны, 8 тоған шаруашылығы және 2 тұйық сумен қамтамасыз етілген. Өткен жылы өңірде 837 тонна тауарлы балық өндірілсе, биыл 1 000 тонна тауарлы балық аулау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, облыста «Таза су айдындары» науқаны наурыз-мамыр айлары аралығында жүргізіледі. Акция басталған уақыттан бері инспекция бойынша тазалау жұмыстарына 100 адам қатысып, 6 арнайы техника мен 6 шағын көлемді жүзу құралдары қамтылып, 10 тоннаға жуық әр түрлі қоқыстар мен суда қалған 35 дана аулардың қалдықтары жиналды. Ал, «Уылдырық шашу» кезеңінде облыстағы су айдындарында балық ресурстарын пайдалануға шектеу қойылды. Сондай-ақ, Тұщыбас, Чернышева шығанақтарын қоса алғанда, Үлкен Арал теңізінде 1 сәуір мен 31 шілде аралығында артемия жұмыртқаларын жинауға және дайындауға тыйым салынған. Акция барысында құқық қорғау органдарымен берлесіп, күшейтілген рейд жұмыстары ұйымдастырылатын болады,- деді Жанқожа Рамбердіұлы.