Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Air Astana су тасқыны кезінде арнайы тариф енгізеді

Air Astana су тасқыны кезінде арнайы тариф енгізеді

Air Astana тобы су тасқыны кезінде ұшақ билетіне арнайы тариф енгізбек.


Фото: Александр Павский/ агентство Kazinform

Әуе компания Air Astana және FlyArystan 13-24 сәуір аралығында Атыраудан Алматы мен Астанаға ұшатын рейстерге су тасқыны кезеңінде арнайы тариф енгізетінін мәлімдеді. 
«Аталған тарифтің құны бір жаққа эконом-класта 40 000 теңге. Сондай-ақ FlyArystan Атыраудан Шымкент, Ақтау және басқа қалаларға рейстерге арнайы тарифтерді уақытша енгізбек»,- деп хабарлады компаниядан.
Бұған дейін Air Astana тобы 9-18 сәуір аралығында Атыраудан Алматы, Астана, Ақтау,
Шымкент қалаларына 33 қосымша рейс ұйымдастырылғанын жеткізген болатын.
Сондай-ақ қазақстандықтар батыстағы үш қалаға алған әуе билетінің ақшасын толық қайтара алатыны жайында жазған едік. 
 
13 сәуір 2024 ж. 234 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930