Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Су саласының мамандары тапшы - Мақсат Толықбай

Су саласының мамандары тапшы - Мақсат Толықбай

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мақсат Толықбай «Qazaqstan» Ұлттық арнасындағы «1001 түн» бағдарламасында өңірлердің су тасқынына дайындығы көңіл көншітпейтінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz аталған партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тасқынға дайындық шаралары өңірлерде тиісті деңгейде қамтамасыз етілмегендіктен су шайған ауылдардың тұрғындары баспанасыз қалды.

«Өкініштісі кейбір аудандарда резервте не қайық, не резеңке етік жоқ. Министрліктің нормативі орындалмаған. Сонымен қатар еліміздегі өзекті мәселенің бірі – су саласы мамандарының тапшылығы. Олар өңірлерде жоқтың қасы десек те болады. Біз ғалымдарға көңіл бөлмейінше, бұл мәселе шешімін таппайды. Әр салада өз ісінің маманы болуы керек», деді депутат.
04 сәуір 2024 ж. 365 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30