Бейбітшілік құсы: Ұлттық банк жаңа монетаны айналымға шығарады
Қазақстан Ұлттық банкі «Қазақстанды монеталар арқылы таны» сериясынан WORLD PAINTING коллекциялық монетасын айналысқа шығарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Фото: Ұлттық банк
Монеталар сатуға шығарылатын күн жайлы ақпарат ҚҰБ ресми сайтында қосымша хабарланады.
WORLD PAINTING коллекциялық монеталары Dpartners арт-агенттігімен коллаборациялық жоба аясында шығарылады.
Қазақстанның халықаралық World Painting арт-жобасындағы фрагменті — Семей полигонында ядролық сынақтан зардап шеккен суретші Кәріпбек Күйіковтің бейбітшілік құсы — көгершін суреті мен Әбілхан Қастеевтің немересі, суретші Дәурен Қастеев салған зәйтүн ағашының бұтағы монета дизайнына негіз болып отыр.
WORLD PAINTING монета жобасы — адамзатты біріктіретін туынды. Халықаралық әлеуметтік арт-жоба — әлем елдері өкілдерінің қолынан шыққан фрагменттер мозаикасынан тұрады.
«Әлем бейнесі» бір қылқаламды бір-біріне беру арқылы ең көп адам қатысқан өнер туындысы ретінде Гиннес рекордын орнатты.
Арт-жобаға 200-дей елден 2070 адам бояу ізін қалдырды. Кенептің ұзындығы — 4 метр, биіктігі 1 метр 27 сантиметр.
Бұл — жер шарының кішірейтілген ауқымдағы параметрлері. «Әлем бейнесі» туындысының көшірмесі халықаралық ғарыш станциясын да шарлап қайтты.
Арт-объект — планетаның барлық тұрғыны ұлтына, нәсіліне, дініне және тұрғылықты жеріне қарамастан Жер бетінде үйлесімділік пен келісім орнаған бейбіт әрі берекелі өмірді армандайтынының айқын дәлелі.
Кенепте Олжас Сүлейменов, Димаш Құдайберген, Александр Винокуров, Тимур Бекмамбетов, Николя Саркози, Рой Джонс, Бай Линг және басқа да танымал адамдар өз белгілерін қалдырды.
Монеталар күмістен жасалды, сынамасы — 925/1000. Түрлі-түсті баспа технологиясы қолданылды. Монета массасы — 62,2 грамм, диаметрі — 50 мм, дайындау сапасы — proof, номиналы — 2 000 теңге. Монетаның таралымы — 300 дана.
Мельхиордан жасалған монета да бар.
Монетаның бәрі де Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында номиналды құнына сай төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.
Күмістен жасалған WORLD PAINTING монеталары мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ сапа сертификатымен кәдесый қаптамасында, мельхиор қоспасынан жасалған монеталар блистерлік қаптамада шығарылады.
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.