Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЕРСҰЛТАН АМАНТАЙҰЛЫН ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

ЕРСҰЛТАН АМАНТАЙҰЛЫН ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

Кеше аудан әкімі Нұржан Ахатовтың төрағалығымен өткен актив отырысында әріптестері аудан әкімінің орынбасары болған Ерсұлтан Апетовты жаңа қызметке құрметпен шығарып салды.
2021 жылдың сәуір айынан бері аудан әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарған Ерсұлтан Амантайұлы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары лауазымына тағайындалып отыр.
Аудан басшысы Ерсұлтан Амантайұлына аудандағы ауыл шаруашылығы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс, кәсіпкерлік салаларына жетекшілік жасағаны, тындырымды жұмыстар мен ілкімді жобалардың жүзеге асырылуына үлес қосқаны үшін алғыс білдірді.
«Ерсұлтан Амантайұлын аудан жұртшылығы жақсы біледі. Өздеріңізге белгілі, егін науқанының қорытындысымен ауданымыз бірнеше жыл қатарынан аймақта ауыл шаруашығы саласында "Озат аудан" атанып келеді. Аяқ су тапшылығы орын алған сәттерде де Ерсұлтан Амантайұлы аудан диқандарының егіннен шашау шығармай, мол өнім алуы үшін бар білім-біліктігін жұмсағанын атап өтуіміз қажет», – деді Нұржан Сәбитұлы.
Мұнан соң, Ерсұлтан Амантайұлына Шиелі жұртшылығы атынан Шиелі ауданының Құрмет грамотасы табысталып, Ерсұлтан Амантайұлы аудан басшысына және 3 жылға жуық уақыт қоян-қолтық жұмыс істеген барша әріптестеріне алғысын жеткізді. Әріптестері де жаңа қызметке тағайындалған азаматқа алғыстарын айтып, сәттілік тіледі.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
27 наурыз 2024 ж. 124 0