Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елтаңбаны ауыстыру мәселесін арнайы комиссия қарайды

Елтаңбаны ауыстыру мәселесін арнайы комиссия қарайды

Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте Қаржы министрі Мәди Тәкиев елтаңбаны ауыстыруға қатысты арнайы комиссия құрылатынын айтты.

Елтаңбаны ауыстыру мәселесін арнайы комиссия қарайдыАтырауда өткен үшінші Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елтаңбаны ауыстыруға байланысты ашық конкурс жарияланатынын айтқан еді. Мемлекет басшысы бұл шешімге оны Кеңес заманындағы Гербке ұқсатып жататыны түрткі болғанын жеткізді. 
Қаржы министрі осы мәлімдемеден кейін елтаңбаны ауыстыру шешімін қарайтын арнайы комиссия құрылатынын хабарлады.
«Елтаңбаны ауыстыруға қатысты мәселе белгілі бір кезеңнен бері талқыланып келе жатқанын жақсы білесіздер. Президент Ұлттық құрылтайда аталған мәселені талқылауды ұсынды. Мемлекет басшысы егер қоғам бұл мәселеге жаппай қолдау білдірсе, онда оны одан ары талқылау қажеттігін айтты. Ол үшін арнаулы комиссия құрылады. Комиссия аталған мәселені тыңғылықты қарастыратын болады. Егер бұл мәселеге қатысты оң шешім қабылданған жағдайда, шығыстарына қатысты қалған жайттар туындайды», деді министр. 
Мәди Тәкиев елтаңбаны ауыстыруға бөлінетін қаржы мөлшері мен қайдан алынатыны алғашқы мәселе шешілгеннен кейін талқыланатынын айтты.

Фото: inbusiness.kz

19 наурыз 2024 ж. 180 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (9330)

23 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930