Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Бауырсақ party»: Қонаевта 2 тонна бауырсақ пісірілді

«Бауырсақ party»: Қонаевта 2 тонна бауырсақ пісірілді

Қонаев қаласында Әз-Наурыз мерекесі кең көлемде тойланып жатыр. Кеше қала жұртшылығы «Көрісу күнін» атап өтсе, бүгін ұлттық тағамды насихаттау мақсатында «Бауырсақ party» ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Фото: Алматы облысы әкімдігі

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, аталған шара қалалық кітапханада өтті. Бұдан бөлек, Шеңгелді және Арна ауылдарында ұйымдастырылды. Кәсіпкерлер де қалыспай, дәмханаларда келушілерге ұлттық тағамды ұсынды. Жалпы 2000 келі бауырсақ пісірілді. 
Арна ауылында өткен «Бауырсақ party» көрісу рәсіміне ұласты. Қазақы мәдениеттен сыр шертетін рәсімге ауыл халқы қуана қатысып, белсенділік танытты. Жұрт бауырсақ жеп, наурыз көжеден де ауыз тиді. Той өнерпаздардың ән-жыр, би шашуына жалғасты.
17 наурыз 2024 ж. 210 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031