Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек көрсетеді
Қазақстан елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігі директорының орынбасары Сохибджон Зиёдуллоевке салтанатты түрде 15 мың тонна мазутқа сертификат тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Сыртқы істер министрлігі
Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Тәжікстанға елдің маңызды энергетикалық нысандарының тұрақты жұмыс істеуі мақсатында 2 млрд 542 млн теңге (шамамен 5,65 млн АҚШ доллары) сомасына гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылданғанын У.Төреханов өз сөзінде атап өтті.
Гуманитарлық көмек – «KazAID» отандық-халықаралық даму агенттігінің ықпалдасуымен жүзеге асырылып жатыр және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі қазақ-тәжік стратегиялық қатынастарының нышаны болып табылады.
Қазақстан тарапының Тәжікстанға көрсеткен гуманитарлық көмегінің жалпы көлемі ақшалай эквивалентте 2006 жылдан бастап 50 млн АҚШ долларынан асады.