Enbek.kz: Ақпан айындағы ахуал
Ақпан айында Enbek.kz электрондық еңбек биржасында белсенділіктің төмендегені байқалды. Мәселен, қаңтармен салыстырғанда бос жұмыс орындар саны 16,5 мыңға (-17%) азайып, 80,8 мыңды құрады, ал түйіндеме саны 77,6 мыңға (-41%) азайып, 113,6 мыңды құрады.
Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»
Айлар арасындағы түйіндеме санының күрт өзгеруі біліктілігі жоқ қызметкерлерден ұсыныстардың 84,8 мыңнан 37,9 мыңға дейін немесе 55%-ға айтарлықтай төмендеуіне байланысты болып тұр.
Сұранысқа келсек, бос жұмыс орындарының 39,8 мыңы (49%) – орта білікті мамандарға, 25,8 мыңы (32%) – жоғары білікті мамандарға арналған. Ал біліктілігі төмен бос жұмыс орындарына 15,2 мың адамнан (19%) келеді.
Ақпан айында негізгі сұранысты білім беру ұйымдары (19,2 мың бос жұмыс орны) және басқа да қызмет түрлерін ұсынатын кәсіпорындар (10 мың бос жұмыс орны) құрап отыр. Бұл – барлық бос жұмыс орындарының үштен бірі.
Ақмола облысын қоспағанда (4%-ға өскен), барлық өңірде бос жұмыс орындарының саны қысқарған. Мәселен, ең үлкен төмен шама Түркістан (-35%), Жетісу (-34%) және Маңғыстау (-33%) облыстарында байқалады.
Сұраныспен қатар ұсыныс та осындай күйде. Түйіндеме санының азаюы барлық аймақта, әсіресе, оңтүстікте байқалды. Онда біліктілігі жоқ жұмыс іздеушілердің саны айтарлықтай азайды. Мысалы, Қызылорда облысында түйіндеменің жалпы саны 20,4 мыңнан 7,4 мыңға дейін, ал Жамбыл облысында 14,1 мыңнан 7,2 мыңға дейін қысқарды.
Ақпан айында барлық түйіндеменің 50,5 мыңын (44%) – 16-35 жас аралығындағы ізденушілер, 30,2 мыңын (27%) – орта жас (35-45 жас) өкілдері, тек 10,8 мыңын (10%) зейнет жасқа дейінгі адамдар орналастырды.
Ақпан айында жұмыс берушілер ең жоғары жалақы мөлшерін өнеркәсіптік альпинистерге (орта есеппен 1 млн теңгеден бастап), бас құрылысшыларға (656 мың теңгеден бастап) және жүйелік сәулетшілерге (600 мың теңгеден бастап) ұсынды.