Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда сұранысы төмен мамандықтар анықталды

Қазақстанда сұранысы төмен мамандықтар анықталды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша еңбек нарығында заңгерлердің 3,6 мыңға жуық түйіндемесі сұранысқа ие болмай қалған. Бұл туралы Еңбек ресурстарын дамыту орталығы хабарлады.

Айта кету керек, соңғы алты айда электрондық еңбек биржасында барлығы заңгердің 1221 бос жұмыс орны орналастырылған. Бұл ретте 4818 адам осы салада жұмыс іздеген.
Елімізде тым көп мамандықтың бестігіне: әлеуметтік қызметкерлер (2,4 мыңнан астам түйіндеме), аспаздар (2 мың), компьютер техниктері (1,5 мың) және кеңсе қызметшілері (шамамен 1,5 мың) кірді.
Сұранысы төмен мамандықтардың ондығына экономистер (1,2 мыңнан астам түйіндеме), шаштараздар (1,2 мыңнан астам), қаржыгерлер (шамамен 1,2 мың), тігіншілер (1,1 мың) және технологтар (шамамен 1 мың) кірді.
Сонымен қатар, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында жұмыс берушілер тарапынан мына мамандықтары бар адамдардың түйіндемесі аз сұранысқа ие болған: сатушы-консультант, дене шынықтыру және спорт мұғалімі, Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі (орта мектеп), маникюр шебері, бухгалтер, кондитер, қазандық операторы, бастауыш сынып мұғалімі, бухгалтерлік қызметші, эколог, заңгер-кеңесші, инженер-экономист, техник-механик, педагог (бастауыш мектеп), визажист.
08 тамыз 2019 ж. 2 036 0