Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Маусым айында байланыс операторы, күзетші мен тәрбиеші мамандарға сұраныс жоғары болды

Маусым айында байланыс операторы, күзетші мен тәрбиеші мамандарға сұраныс жоғары болды



Маусым айында электронды еңбек биржасында біліктілігі жоқ қызметкерлердің түйіндеме саны 39%-ға қысқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маусым айында электронды еңбек биржасында 89,9 мың бос жұмыс орны және 54,5 мың түйіндеме орналастырылды.

Мамыр айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 5,3%-ға, түйіндеме 26,7%-ға қысқарды.

Жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілердің белсенділігінің төмендеуі барлық біліктілік топтарға қатысты байқалып, оның ішінде біліктілігі жоқ жұмыс күшіне де айтарлықтай әсер етті.

Мәселен, біліктілігі жоқ қызметкерлерге сұраныс маусым айында 26,5 мыңнан 23,9 мың бос орынға (10%-ға), ал ұсыныс 28 мыңнан 17 мыңға (39% – ға) дейін азайды.

Біліктілігі орташа қызметкерлер тарапынан ұсыныс үштен бірге дейін төмендеп, айдың қорытындысы бойынша 14,7 мың түйіндемені құрады, ал біліктілігі жоғары ізденушілер арасындағы белсенділік 25,7 мыңнан 22,8 мың (11% – ға) түйіндемеге дейін қысқарды.
Республика бойынша сұраныстың жалпы төмендеуі Түркістан (-3,4 мың бос жұмыс орны), Жамбыл (-1 мың бос жұмыс орны) және Атырау (-850 бос жұмыс орны) облыстарына айтарлықтай әсер етті.

Бұл ретте төмендеу трендіне қарамастан, бірқатар өңірлер маусым айында кадрларға қажеттілік артқанын көрсетті: Жетісу (+1,1 мың бос орын), Алматы (+416) және Шығыс Қазақстан (+479) облыстары.

Шығыста білікті кадрлар арасында тапшылық байқалды: байланыс орталықтарының мамандары (түйіндемеден 113 бірлікке артық бос жұмыс орындары), жөндеуші слесарлар (91 бірлікке) және электр-газ дәнекерлеушілер (80 бірлікке).

Екінші жағынан жұмыс іздеушілердің белсенділігінің айтарлықтай төмендеуі көптеген аймақтарда кадр тапшылығына әкелді.
Мәселен, Қарағанды облысында бос жұмыс орындарының саны түйіндеме санынан 6,4 мыңға, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында 3,9 мыңға асып түсті, осы үш басым өнеркәсіптік өңірде ең үлкен тапшылық орташа білікті кадрлар бойынша (2 мың түйіндеме кезінде 8,7 мың бос жұмыс орны) байқалды.

Маусым айында ЭЕБ-да біліктілігі жоқ қызметкерлерге тұрақты сұраныстан басқа, байланыс орталықтарының операторларына (1,9 мың бос орын), күзетшілерге (1,7 мың бос орын) және тәрбиешілерге (1,6 мың бос орын) жоғары қажеттілік байқалды.
Сонымен қатар, бұл мамандықтар жұмыс іздеушілер арасында танымал емес.

Байланыс орталықтарының операторларынан барлығы 17 түйіндеме, күзетшілерден – 588 түйіндеме, тәрбиешілерден – 770 түйіндеме орналастырылды.
24 шілде 2023 ж. 213 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930