Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Президент Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қымбатты отандастар!

Сіздерді Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!

Халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша.

Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл.

Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адам­зат­т­ың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді.

Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан хал­қының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін.

Ораза қабыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық, амандық, толайым табыс тілеймін!
11 наурыз 2024 ж. 80 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9203)

18 мамыр 2024 ж.

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031