Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА «АНАҒА ТАҒЗЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА «АНАҒА ТАҒЗЫМ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АНАЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Кеше Қызылордада «Анаға тағзым» республикалық Аналар форумы өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов, аталған комиссияның мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері, өңірлерден келген делегациялар, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, көп балалы аналар, ұстаздар, облыстың зиялы қауымы, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев форум жұмысына сәттілік тілеп, қоғамдағы аналардың рөлін ерекше атап өтті.
«Өткен жылы өңірімізге жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы жаңадан ашылған «Анаға тағзым» орталығында болды. Мұндай орталықтардың жастарға тәлім-тәрбие берудегі маңызын айтып, жоғары бағасын берді. Сонымен қатар, бүкіл еліміздің аналары бас қосатын тәжірибе алмасу алаңының жұмысын үйлестіруді тапсырды. Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиямен бірлесіп, өткен жылдың қараша айында алғаш рет «Анаға тағзым» республикалық форумын ұйымдастырдық. Шара қонақтары бұл жиынды дәстүрлі түрде өткізуді ұсынды. Алты Алаштың анасы – қасиетті Сыр өңіріндегі тағылымды шараның жалғасын табуының, дәстүрге айналуының өзіндік символдық мәні бар деп білеміз. Бүгінгі форум Ұлттық комиссиямен бірлесіп ұйымдастырылды. Мақсаты – үйдегі берекені сақтаушы, қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысушы әйел-ананы ардақтау, ерекше мәртебесін құрметтеу сияқты мызғымас дәстүрлі құндылықтардың төңірегіне қоғамды топтастыру. Ұлы Даланың ұлы аналарының ізгі жолын дәріптеп, жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру. Өткеннің тағылымын жаңа дәуірдің талабымен сабақтастырып, бүгінгі қазақ әйелінің үлгілі бейнесін қалыптастыру», – деді аймақ басшысы.
Іс-шарада ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева әйел-аналардың ел дамуы мен өркендеуіне қосқан зор үлесін атап өтті. Олардың қоғамдағы орнын, құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала беретінін айтты. Бүгінде отбасы және гендерлік теңдік институтын дамытудың қазақстандық моделі айқындалған 2030 жылға дейінгі Тұжырымдаманы іске асыру жалғасуда. Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтарға сәйкес, оның қызметі әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаудағы өзекті мәселелерді пысықтауға шоғырланған.
Жиында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, тіл жанашыры Асылы Осман, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Шанаи, республикалық «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мақсұтбек Айтмағанбет, "AMANAT" партиясының Хатшысы Шолпан Каринова және жерлестеріміз, белгілі тележүргізушілер Қымбат Досжан, Дана Нұржігітова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Елена Әбдіхалықова, Елмұра Жаңабергенова, Жеңіс Ысқақова, Ұлжан Байбосынова сөз сөйледі.
Форумда Аида Балаева отбасы құндылықтарын үнемі насихаттап, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясатты белсенді іске асыруға атсалысқан қыз-келіншектерді марапаттады.
Айта кетейік, Сыр өңірінде бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Демеушілердің қолдауымен 1 млрд 700 млн теңгеге «Анаға тағзым» орталығы салынып, халық игілігіне берілді, «Отбасы орталығы» өз қызметін бастады.
Жыл басы және жаңару мезгілі – Наурыздан бастап, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, салт-дәстүрлерімізді насихаттау мақсатында 2024 жыл – «Руханият жылы» деп жариялануда. Атаулы жылда тек мәдени-көпшілік шаралар ғана емес, ауқымды жобалар жүзеге асырылады. Клубтар мен мәдениет үйлері жанынан түрлі бағыттағы шығармашылық үйірмелерді қамтитын «Адал адам» рухани-мәдени орталықтары ашылады. Онда балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім, тәрбие беріледі. Сыр өңірінің руханият кеңістігіндегі бұл бастамалар Мемлекет басшысы ұсынған, әділетті мемлекет пен біртұтас қоғамның берік негізі саналатын «Адал адам» тұжырымдамасын жүзеге асыруға зор үлесін қосады.
Биыл 7 ауданда неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар орталығы, ардагерлер мен аналар үйін біріктіретін «Руханият» орталықтары бір мезетте салынады. Ол үшін облыстық бюджеттен 11 млрд 500 млн теңге қаржы жоспарлануда. Орталықтарда аға буын мен жастар бірлескен жобаларды жүзеге асырады, жас буын үлкендердің ақылын тыңдап, тәжірибе алмасады.
Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау мақсатында облыс орталығынан «Шығармашылық академиясы» салынуда.
Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия кешенді шаралар атқаруда. Өткен жылы комиссия мүшелері барлық аудандарды аралап, тұрғындармен кездесті, психологтардың қатысуымен тренингтер өткізді. Аналарды қолдау және адал еңбекті насихаттау мақсатында Ауыл әйелдерінің форумы ұйымдастырылды. Әкелер одағы құрылып, ер бала тәрбиесіне қатысты жүйелі шаралар атқарылуда. Облыстық Әкелер форумының қорытындысында белсенді азаматтардың пікір алаңы қалыптасты. Барлық мектептерде Әкелер, Аналар кеңестері белсенді жұмыс жасауда. Ұлттық комиссияның тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің отбасы және әйелдер істері жөніндегі уәкілі тағайындалды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
04 наурыз 2024 ж. 184 0

Қоғам

ҒАСЫРҒА ИЕК АРТҚАН БАСЫЛЫМ
03 желтоқсан 2024 ж. 42

Толағайлар тартысы

03 желтоқсан 2024 ж.

ОЛЖАЛЫ БОЛУ ОҢАЙ МА?

03 желтоқсан 2024 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

29 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031