Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр елінің мәдениеті қарқынды дамуда

Сыр елінің мәдениеті қарқынды дамуда

Қызылорда облысында мәдениет саласы қарқынды дамып келеді. Бұл көпке үлгі-өнеге болар игі қадам.


Фото: Облыс әкімдігі

Мәселен, 2024 жыл сыр өңірінде «Руханият жылы» болып жарияланды.Кеше біз 1000 орындық «Өнер орталығының» ашылуына куә болдық. Наурыз мерекесіне орай «Жыраулар үйі» ашылады. Сондай-ақ облыстық тарихи-өлкетану мұражайының құрылысы басталып, 7 ауданда заманауи руханият орталығы бой көтеруде.
Сондықтан халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымы киелі сыр елін еліміздің ең үздік мәдени өңірі деп тануының өзіндік мәні бар деп білеміз.Осынау мәртебелі құрмет, лайықты жеңіс құтты болғай!
Әрине, бұл халықтың рухани баюына, дәстүрлі әрі отбасылық құндылықтардың сақталуына ықпал етері сөзсіз.
Сондай-ақ бүгін Қызылордада «Анаға тағзым» атты республикалық аналар форумы өтті.Форумда өскелең ұрпақты тәрбиелеу, отбасы мәртебесін көтеру, адамгершілік-отбасылық құндылықтарды қалыптастырудың өзекті мәселелері талқыланды. Бұл да игі іс-шаралардың бірі деп есептейміз.
«Сыр елі – жыр елі» атанған қасиетті Қызылорда өңірінің өркендей беруіне тілектеспін!
03 наурыз 2024 ж. 199 0

Қоғам

ҚАУІПСІЗ ҚЫСТЫҢ КЕПІЛІ
16 қыркүйек 2025 ж. 14

ШАҢЫРАҒЫМ - ШАТТЫҒЫМ

16 қыркүйек 2025 ж.

ҚАЛТАНЫ ҚАҒАР ҚЫРКҮЙЕК

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930