Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауғанстанда канал салынса Арал теңізіне қалай әсер етеді?

Ауғанстанда канал салынса Арал теңізіне қалай әсер етеді?

Ауғанстандағы Куш-Тепа каналы құрылысының Қазақстанға ерекше әсері жоқ, деп мәлімдеді су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекнияз. Бұл туралы Sputnik сайтында жарияланды.

"Қазақстан аумағы арқылы Әмудария ағып жатқан жоқ, бірақ ол Арал теңізіне құяды. Алайда, өкінішке орай, 2009 жылдан бастап Әмудария Арал теңізіне құймайды", - деді ол.



Бекниязовтың айтуынша, қазір Арал республика аумағы арқылы өтетін Сырдария суымен ғана қоректенеді.

"Сондықтан егер Әмудария бойынша Ауғанстан тарапынан су іріктеу жүргізілсе, біз үшін, Қазақстан үшін ерекше әсері болмайды", - деді вице-министр сенаттағы брифингте.

Соған қарамастан, егер Арал теңізі бассейнінен су алынып жатса, Ауғанстан Орталық Азиядағы трансшекаралық өзендер бойынша келісу және келісімге келу бойынша қандай да бір іс-шаралар жүргізуге тиіс, деп есептейді Бекнияз.

"Оларды су жөніндегі халықаралық ынтымақтастыққа тарту керек. Негізі Әмударияның Қазақстанның суармалы алқаптарының жай-күйіне тікелей физикалық әсері жоқ", - деп жалғастырды ол.

Естеріңізге сала кетейік, Ауғанстанда Әмудариядан су бұратын Куш-Тепа каналы салынып жатыр. Құрылыс аяқталғаннан кейін Түркіменстан мен Өзбекстанның сумен қамтамасыз етілу көрсеткіші 80%-тен 65%-ке дейін азаяды.

Тиісінше, көршілес Өзбекстан Аралды қоректендіретін жалғыз су артериясы - Сырдариядан ауыл шаруашылығы үшін су алуды ұлғайтады, бұл тек теңіздің жандануына ғана емес, сонымен қатар оңтүстік өңірлердегі суармалы жерлердің жай-күйіне де әсер етеді.

2023 жылдың қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қорының президенті болып сайланды және төрағалық үш жылға Қазақстанға өтті.

* Қозғалыс лаңкестік әрекеті үшін БҰҰ санкциясына іліккен.
01 наурыз 2024 ж. 123 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930