ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСШЫ ТОП ӨКІЛДЕРІ АУДАНДАҒЫ БІЛІМ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
«Облыстағы орта және мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етудің сапасы туралы» мәселесі бойынша Қызылорда облыстық мәслихатының Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия жанынан құрылған жұмысшы топ ауданымызға келді.
Жұмысшы топ құрамында облыстық мәслихат депутаттары Ж.Ысқақ, І.Тілеп, А.Абибуллаева, облыстық қаржы және экономика басқармасының бөлім басшысы Ш.Әбиева, облыстық білім басқармасының маманы Ш.Демес, Шиелі аудандық мәслихат төрағасы А.Жандарбеков, аудандық мәслихат депутаты Б.Сүлейменов, Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Б.Ысмағұлов бастаған жұмысшы топ бүгін Еңбекші, Қосүйеңкі, Жиделіарық және Н.Бекежанов елді мекендерін аралады.
Жұмыс топ мүшелері білім беру ұйымдары ғимаратының сыйымдылығы, қазіргі таңдағы техникалық жағдай, санитарлық-гигиеналық талаптарын, мектептің жабдықталуы, мектеп асханасының жұмысы, ыстық тамақтың ұйымдастырылуы және қаржыландыру көзі, мектептің жылыту көзі, Ұлттық біріңғай тестілеу бойынша көрсеткіштері және ҰБТ мен МАБ-қа дайындық шаралары, кадр жұмыстарының ұйымдастырылуы, пән мұғалімдерінің біліктілік арттыруы және жүргізетін пәніне сәйкестігі, оқушылардың оқулықтармен, оқу құралдарымен қамтылуы, мектептегі тәрбие жұмысы (мектеп пен ата-ана арасындағы өзара байланыс, құқық бұзушылық тың алдын-алу, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру), мектепте медициналық кабинеттің болуы және медбикемен қамтылуы бойынша бақылау жүргізді.
Бақылау барысында халық қалаулылары тиісті басқарма өкілдеріне ұсыныс-пікірлерін жеткізді.