Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Өскемен титан-магний комбинатына барды

Президент Өскемен титан-магний комбинатына барды

Мемлекет басшысы «Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамындағы өндіріс жұмыстарының жай-күйімен және кәсіпорынның даму перспективасымен танысты.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Комбинат шикізат өндіруден бастап одан дайын өнім алуға дейінгі өндірістің бүкіл циклын қамтитын кеуекті титан, титан құймалары мен қорытпаларын шығаратын әлемдегі біртұтас кәсіпорындардың бірі саналады. Өндіріс құрылымы бес негізгі және алты қосалқы цехтан, сонымен қатар еншілес әрі бірлескен кәсіпорындардан тұрады. Әлемдегі титан нарығының 11%-і Қазақстанға тиесілі, ал аэроғарыш саласындағы титанның 20%-тен астамын біздің ел қамтамасыз етеді.
Мемлекет басшысына комбинат өнімін Airbus, Boeing, TIMET, ATI, Safran, UKAD, Pratt&Whitney, General Electric, Dynamet, Howmet, POSCO, Baoti, MIDHANI секілді әлемдік ірі компаниялар сертификаттағаны туралы баяндалды. Қазақстан титаны кеме жасау ісінде, энергетика, аэроғарыш салаларында, мұнай-газ кәсіпорнында және медицинада кеңінен пайдаланылады. Өнім АҚШ-қа, Ұлыбританияға, Францияға, Оңтүстік Кореяға, Үндістанға және Қытайға экспортталады.
Алдағы 10 жылда комбинат жалпы сомасы 207 миллиард теңге болатын 25 инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Фото: АҚОРДА

26 ақпан 2024 ж. 200 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (9363)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (9362)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031