АДЫРАСПАН ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ӨСІМДІКТЕР ҚАТАРЫНА ЕНГІЗІЛДІ

Бұл тізімге енуіне құрамындағы психтропты алкалоид себеп болған. Енді оны өсіруге, үйде сақтауға болмайды.
Айта кетейік, бұл шөпті қазақ киелі өсімдік деп санайды. Сондықтан халық арасында оны «бәле-жаладан сақтайды» деп үйдің ішіндегі көрнекілеу жерге, кереге басына іліп қояды. Ал жаңа үйге кірерде босағаға «жын-шайтан мүлдем жоламасын деп» адыраспанмен аластаған. Сонымен қатар, жын-шайтандардан тазарту үшін адыраспанның бір бұтағын отқа салып тұтатып, үйді аластайтын болған.