Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АСТАНА-СЕУЛ БАҒЫТЫНДАҒЫ РЕЙСТЕР ҚАЙТА ЖАНДАНАДЫ

АСТАНА-СЕУЛ БАҒЫТЫНДАҒЫ РЕЙСТЕР ҚАЙТА ЖАНДАНАДЫ

Қазақстан мен Оңтүстік Корея елдері арасындағы әуе рейстерінің саны артып, жаңа әуе бағыттары ашылады. Бұл туралы азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сеулде (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасы көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың Корея Республикасы жер, инфрақұрылымы және көлік министрінің орынбасары Юн Санг Лимен екіжақты кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар Астана мен Сеул арасындағы рейстерді қайта бастау, «Алматы-Сеул» бағыты бойынша орындалатын рейстерді ұлғайту, сонымен қатар Шымкенттен Сеулге және Пусан мен Қазақстан қалалары арасындағы рейстерді ашу мәселесін талқылап уағдаласты, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар Талғат Ластаев T ‘ Way төмен бюджеттік әуе компаниясының және Sirius Airlines жүк әуе компаниясының басшылығымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында кореялық тасымалдаушылар Қазақстанға ұшуға ниетті екенін білдірді.

Фото: Көлік министрлігінен

20 ақпан 2024 ж. 218 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№8 (9375)

31 қаңтар 2026 ж.

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (9373)

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728