РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР 7 ЖОЛ БӨЛІГІ ЖАБЫЛДЫ
Бүгін ауа райы қолайсыздығына байланысты 5 облыс аумағындағы республикалық маңызы бар 7 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz «ҚазАвтоЖол» мәліметіне сілтеме жасап.
Абай облысы - жалпы ұзындығы 1084 км 3 автожол (-40 градусқа дейін аяз күшейіп тұр):
«Таскескен-Бақты» - Таскескен ауылы-Бақты ауылы;
«Қарағанды-Аягөз-Тарбағатай-Бұғаз» Қарағанды облысының шекарасы-Боғас;
«Семей-Қайнар» Семей қаласы-Қайнар ауылы.
Жамбыл облысы - жалпы ұзындығы 79 км 1 автожол (ауа-райының төмендеуі):
«Алматы - Ташкент-Термез» Кенен ауылы-Қайнар ауылы (қозғалыс ескі Қордай асуы арқылы жүзеге асырылады).
Қарағанды облысы – жалпы ұзындығы 103 км 1 автожол (Абай облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты):
«Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» Қарқаралы-Абай облысының шекарасы (қоғамдық көліктер мен дизельдік көліктер үшін).
Қостанай облысы - жалпы ұзындығы 83 км 1 автожол (Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты):
«Жезқазған-Петропавл» – Ұлытау облысы-Арқалық қ. (барлық көлік түрлері).
Ұлытау облысы - жалпы ұзындығы 115 км 1 автожол (боран, жел, ауа райының төмендеуі):
«Жезқазған-Петропавл» – Қостанай облысы-Ұлытау ауылы (барлық көлік түрі), Жезді-б.-Ұлытау ауылы (қоғамдық көлік және дизельдік көліктер үшін).
Осы уақытта автожолдарда 710 бірлік техника және 1432 адам жұмыс істеп жатыр.