Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Кибер Тұмар» ақпараттық қауіптен қорғайды

«Кибер Тұмар» ақпараттық қауіптен қорғайды

Елімізде «Кибер Тұмар» атты ақпараттық білім жобасы басталды. Атал­ған іс-шара балалар мен жасөспірімдерді цифрлық ортада қорғауға бағытталған.

«Кибер Тұмар» ақпараттық қауіптен қорғайды

Білім беру науқаны Оқу-ағарту ми­нис­тр­лігіне қарасты Балалардың құқық­та­рын қорғау комитетінің, ЮНИСЕФ Қазақ­стан және Еуропалық одақтың қол­­да­уымен құрылған Peremena.media ақпа­­рат­тық кеңістігі арқы­лы жүргізіледі. Кибер­қауіпсіздікке қатысты білім беру жұмысы 6 ақпан – Халықаралық қауіпсіз интер­нет күні басталды. Қазіргі заманда цифр­лық технологияларды, әсіресе ең жас пай­дала­нушылар – балалар мен жасөспірімдер­­дің жауапкершілікпен, қауіпсіз және нә­ти­желі пайдалануына назар аударту бүгін­­де жаһандық міндетке айналды. Осы рет­те ұйымдастырушылар «Ки­бер Тұмар» атты жас буынға интернетті қауіп­­сіз қолдануға үйрететін, дұрыс бағыт-бағдар беретін ақпараттық құ­рал­дар жиынын ұсынып отыр. Оған осы мәселеге назар аудартуға арнал­ған әлеуметтік плакаттар, түрлі қауіп-қатер кезіндегі базалық алгоритм­дерді қамтыған ақпараттық плакаттар, сарапшылардың практикалық кеңестері берілген материалдар, білім беру роликтері және т.б. кіреді.
Балалардың құқықтарын қорғау коми­тетінің төрайымы Насымжан Оспа­нова: «Интернет – қазіргі кезде тек ақ­парат құралы ғана емес, сонымен бірге коммуникация құралы. Сол себепті адамды мұндай ақпарат және коммуникация құралдарының әлеуетті мүмкіндіктерін барынша саналы, пайдалы, зияны тимейтіндей етіп, қалай қолдану керегін жас кезінен үйрету керек. «Кибер Тұмар» ақпараттық білім беру науқанын өткізу балалардың ақпа­раттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін, ата-ананың, баланың онлайн ортада ақпаратты таңдауға деген «иммунитетін» қалыптастыруда жауапкершілігін күшейтуге көмектесетін маңызды және заманауи қадам болып тұр», деді.
Ал Еуропа одағының Қазақстан­да­ғы елшісі Кестутис Янкаускас: «Интер­нет күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіндей болып кетті, соның ішін­де балаларымыз үшін одан да маңыз­ды элементке айналды. Ата-ана ретінде біз балаларымыздың барлық жерде – мектепте, көшеде және интернет әлемінде қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыруға тырысамыз. Біз аталған науқан ата-аналардың да, балалардың да хабардар болуына көмектеседі деп сенеміз. Бірлескен әрекеттерімізбен балаға қауіпсіз әрі қолайлы онлайн-кеңістік құра аламыз», деп пікірін білдірді.
Біріккен ұлттар ұйымы Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы Өкілінің міндетін атқарушы Летисия Баззи-Вейлдің ойынша, «Кибер Тұмар» қазақстандық балаларды желідегі қауіп-қатерлерден қорғау рәмізіне айналады. «Әр бала өзінің нақты қадамдарымен бірге алғашқы виртуалды қадамын жасайды. Және оған цифрлық кеңістікте қауіпсіз өсуге көмектесетін қорғанысты неғұрлым ерте берудің маңызы зор. «Кибер Тұмар» балаларды интернеттегі жағымсыз байланыстан, контенттен және іс-әрекеттен жақсырақ қорғауға ықпал етеді. Балаларымыздың өз Кибер Тұмары болса, онлайн тілдесу, дамыту ойындары, оқу олардың мүмкіндіктерін кеңейте алады», дейді ол. 
16 ақпан 2024 ж. 172 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930