Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Теміртаудағы жарылыстың алдын ала себебі анықталды

Теміртаудағы жарылыстың алдын ала себебі анықталды

Дүкеннің бірінші қабатында, гаражда көліктер табылған.


Теміртаудағы дүкенде болған жарылыстың алдын ала себебі анықталды, деп хабарлады turkystan.kz BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
15 ақпанда Теміртауда екі қабатты дүкенде жарылыс болды. Құтқарушылардың айтуынша, үйінді астынан газ жабдығы бар көлік табылған. Құтқарушылар қираған дүкеннің үйінділерін тазалауды жалғастырып жатыр. Сағат 15:00-де облыстық төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері үйіндінің 90 пайызға жуығын тазалап үлгерген.
Дүкеннің бірінші қабатында, гаражда көліктер табылған, олардың бірінде газ жабдықтары болған көрінеді.
1993 жылы туған зардап шеккен әйелдің айтуынша, ол дүкенге кіріп оттық (зажигалка) сатып алған. Оны тексеру үшін жағып көрген сол арада 2-3 секунд ішінде жарылыс болып, ғимарат опырылып құлап түскен. Осыған байланысты жарылыс газ ауа қоспасынан туындаған деген нұсқа қарастырылып жатыр. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, жарылыс фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабының 2-бөлігі "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша тергеу басталған.
Еске салайық, бүгін таңертең Теміртауда азық-түлік дүкенінде газ жарылып, апат салдарынан ғимарат толығымен құлап қалған болатын. Жаралыс салдарынан бір адам зардап шегіп, екіншісі қаза болды. 
turkystan.kz​​​
15 ақпан 2024 ж. 161 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930