Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде студенттердің 18 пайызы ғана жатақханада тұрып жатыр

Елімізде студенттердің 18 пайызы ғана жатақханада тұрып жатыр

Ғылым және жоғары білім министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында студенттердің баспанамен қамтылу жағдайы туралы мәлімет берді.



Фото: Kazinform

«Бүгінде елдегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берумен айналысатын 104 ұйымның базасында 411 жатақхана бар. Олардың сыйымдылығы — 108 091 төсек орын. Оның ішінде 79-ы — хостел. Олар 5 031 орынға арналған. Осылайша 108 мың студент оқу орындарының меншікті жатақханасында, жалға алынған жатақханалар мен хостелдерде, қонақүйлерде тұрып жатыр» делінген жауапта.

Ал ұлттық статбюро мәліметіне сүйенсек, 2023-2024 жылғы оқу жылында жоғары оқу орындарындағы студенттердің саны 592,7 мың адам болған. Оның 53% — бұрымдылар.
14 ақпан 2024 ж. 265 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9450)

03 қараша 2026 ж.

№82 (9449)

29 қазан 2026 ж.

№81 (9448).

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30