Дәрігер әйел денсаулығына пайдалы 6 өнімді атады
Дәрігер Айжан Қалдыбекқызы әйел денсаулығына пайдалы өнімдерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Дәрігер бұл жайлы өзінің инстаграм парақшасында жазды.
Орамжапырақ
Орамжапырақтың кез келген түрі пайдалы. Ол брокколи, ашытылған қырыққабат болуы мүмкін. Олардың қай түрінде де жасушалардың дұрыс қалыптасуына қажетті дәрумендер, темір, магний, калий тәрізді микроэлементтер көп. Оған қоса, оларда әйел ағзасындағы дұрыс емес эстрогенді гормондарды дұрысына алмастыратын заттар бар.
Жеміс-жидектер
Әйел ағзасы үшін мүкжидек, шырғанақ, қаражидек, таңқурай, қарақат өте пайдалы. Олар әсері жағынан кейбір антибиотиктерге ұқсайды.
Балық
Балық - омега майлы қышқылдарының, майда еритін және Д, Е дәрумендерінің қайнар көзі. Сондай-ақ ол кальцийдің қанға сіңуіне, тері, қан тамырлар саулығына, ішектің дұрыс жұмыс жасауына әсері зор.
Жұмыртқа
Жұмыртқада дәрумендер мен микроэлементтердің тепе-теңдігі сақталған. Сондай-ақ ол жеңіл сіңетін ақуызға бай.
Өсімдік майлары
Өсімдік майлары аналық безге, теріге, көз жанарына, шашқа өте пайдалы. Майлар рафинадталмаған, табиғи болуы керек. Олардың ішінде ең жақсысы - зәйтүн майы.
Көк шөптер
Асжапырақ, аскөк, ақжелкен, сельдерей фолий қышқылына, темірге бай ферменттердің бөлінуіне көмектеседі.
massaget.kz