Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Study UK Alumni Awards» жеңімпаздары

«Study UK Alumni Awards» жеңімпаздары

Қазақсандағы Британ кеңесі (British Council) ұйымы «Study UK Alumni Awards 2023-24» байқауының финалистерін марапаттап, жеңімпаздарын анықтады. Рәсімге Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстандағы Британ кеңесінің директоры Роберт Тейлор және білім-ғылым саласындағы ұйым басшылары мен өкілдері қатысты.

«Әрбір финалистке сертификат табысталып, жеңімпаз­дар кубок пен кәсіби дамулары үшін қаржылай грантқа ие болды. «Study UK Alumni Award» жеңімпаздары мен финалистері – қоғамға, индустрияға, жалпы елдің дамуына оң үлесін қосу үшін Ұлыбритания университетінде алған білімі мен тәжірибесін тиім­ді пайдаланған өз саласының көш­басшылары. Бұл бедел­ді сый­ақы Ұлыбританияның жо­ға­ры білімінің құндылығы мен тү­лектердің мансаптық және жеке дамуларына ықпалын байқатады, сондай-ақ, британдық түлектер мен оқыған университеттерінің халықаралық беделін арттырады. Сыйақыны Британ Кеңесі тоғыз жыл қатарынан дүние жүзіндегі Ұлыбританияның халықаралық түлектеріне жоғары жетістік­тері үшін табыстап келеді. Ал Қазақстанда бұл байқау биыл төртінші рет ұйымдастырылып отыр», деді Британ кеңесінің коммуникация бойынша кеңесшісі Шынар Шәкенова.
Биыл аталған байқауға 43 үміт­кер қатысып, 12 фина­лист таңдап алынған, оның ішін­­де төрт санат бойынша төрт жеңім­­паз анықталды. Айта кете­йік, «Culture and Creativity» ата­­лы­­мымен финалистер ара­сын­да «Egemen Qazaqstan» газетінің «Саясат және құқық» бөлімінің аға тілшісі Гүлнар Жолжан да бар. Ол 2017 жылы Ұлыбританияның Newcastle университетінде «Болашақ» бағдарламасымен білім алды.
Ал «Social Action» аталымы­ның жеңімпазы Халида Әжіғұлова «Болашақ» бағдарламасымен 2019 жылы Ұлыбританияның Leicester университетінің докторантурасында білім алып, заң докторы дәрежесін иеленген. Халида – адам құқықтары жөніндегі заңгер, Алматы қаласының Бала құқықтары жөніндегі уәкіл және Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы сексуалдық қанаушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша халықаралық кеңесші. Халиданың қоғамдық жұмысы балаларды қорлауға тыйым салатын және барлық қазақстандық мектептерде зорлық-зомбылыққа қарсы ішкі саясатты жүргізуге міндеттейтін заңнаманы қабыл­дауға негіз болды. Қазір ол Қазақ­стандағы балалардың әл-ауқаты мен қорғалуы туралы тиімді заңдарды қабылдау үшін зерттеу және ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізіп жүр.
«Қазақстандағы «Study UK Alumni Awards» сыйлығының жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймын! Ұлыбритания университеттерін тәмамдаған қазақстандық түлектеріміз британ білімінің озықтығын көрсетіп, екі ел арасындағы байланысты бұрынғыдан да нығайтып жа­тыр. Ең бастысы, біздің түлектер­ді Қазақстанды инновациялар мен өзгерістерге жетелейтін тұлғалар, өз салаларының нағыз сарапшылары және ойшыл көшбасшылары деуге болады. Мен осындай тамаша жастардың Қазақстанның болашағын құруда Ұлыбританияның білімі мен озық тәжірибесін әкеліп жатқанын мақтан тұтамын», деді Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Кэти Лич.
Қазақстандағы Британ кеңесі­нің директоры Роберт Тейлор­дың айтуынша, Британ кеңесі білім беруде жұмысы білім беру мен дағдыларды дамытуды ке­ңейтуге, Ұлыбританияның тәжіри­бесі мен инновациясын әлем­мен бөлісуге және бірлескен жобаларды іске асыру үшін серіктестерді бірік­тіруге бағытталған.
«Биыл Британ Кеңесі халық­аралық қызметінің 90 жыл­ды­ғын, сондай-ақ, Қазақстандағы ұзақмерзімді дипломатиялық қатынасының 30 жылдығын атап өтеді. Байқау жеңімпаздары Ұлыбританиядағы білім беру тәжірибесін үлкен жетістіктерге жету үшін тиімді қолдана білген дарынды түлектердің өкілдері», деп атап өтті ол. 
egemen.kz 
12 ақпан 2024 ж. 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930