Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамның сырт келбетіндегі жүрек ауруын көрсететін 8 белгі

Адамның сырт келбетіндегі жүрек ауруын көрсететін 8 белгі


Әдетте көп адам жүрек ауруының басты белгісі – кеуде тұсының ауыруы деп ойлайды. Алайда адамның сырт келбетінде де жүрек патологиясын көрсететін белгілер бар. Кардиолог Грант Шехян жүрек ауруын адамның терісіне, бетіне және әрекетіне қарап қалай білуге болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Doctorpiter"-ге сілтеме жасап.

Ішкі аурулардың сыртқы белгілерін зерттейтін семиотика деген ғылым бар. Мысалы, адамның сырт келбетіне қарап жүрек ауруын анықтауға болады.

Тері түсі

"Жүрек проблемасын бірінші кезекте тері түсі көрсетеді, - дейді Грант Шехян. – Ерін, бет, мойын, қол және аяқтың қарқынды көгеруі. Бұл түрлі жүрек проблемалары кезінде пайда болады, бірақ олардың барлығы қанды оттекпен қамтамасыз етудің бұзылуымен байланысты".

Кей жағдайда жүрек ауруын терінің сарғаюы көрсетеді.

Ісіну

Дәрігерлер жиі мән беретін келесі белгі – ісіну.

"Көз астының ісіп тұруы, іштің үлкейіп кетуі, аяқтың ісінуі. Әдетте, олар кешке таман ісініп бастап, таңертең кетеді", - дейді кардиолог.

Жиі есінеу

Кейде есінеу пайдалы болады. Алайда есіней беру қауіпті белгі болуы мүмкін.

"Есінеу – қосымша тыныс алу арқылы қанды оттекпен қанықтыруға бағытталған рефлекс, - деп түсіндірді маман. – Жиі есінеу жүрек проблемасын көрсетуі мүмкін".

Ісінген көктамырлар


"Егер мойындағы көктамыр ісініп және соғып тұрғаны көрініп тұрса, сондай-ақ ол сөйлегенде одан сайын күшейсе, бұл жүрек ауруын көрсетуі мүмкін", - дейді кардиолог.

Демікпе

Бұл жүрек ауруының тағы бір жиі кездесетін сыртқы белгісі.

"Бастапқыда демікпе айтарлықтай физикалық жүктеме кезінде пайда болады. Содан соң ол аздап күш салсаңыз да пайда болуы мүмкін. Мысалы, аяқ киіміңіздің бауын байлауға тырысқан кезде демікпе пайда болады. Кейін демікпе тыныштық жағдайында да мазалауы мүмкін", - дейді Грант Шехян.

Биік жастыққа жатқанды жақсы көру

Егер биік емес жастыққа ұйықтай алмайтын болсаңыз, оның себебі жүрек проблемаларында болуы мүмкін.

"Адам басына бір жастық қойса, өзін ыңғайсыз сезінеді де, екі немесе үш жастық қойып алады. Бұл күй кіші қанайналым, яғни жүрек проблемасымен байланысты болуы мүмкін", - дейді дәрігер.

Жайбасарлық

"Асқынып кеткен жүрек ауруы кезінде қанмен қамтамасыз ету нашарлап, ми оттекті ашығуға ұшыраса, қайда бағытталып тұрғаны белгісіз көзқарас пен ақыл-ой қабілетінің нашарлауы аурудың сыртқы белгісі болуы мүмкін. Мұндай жағдайдағы адам жылдам шаршап қалады. Ол алаңғасар, жайбасар және ұйқышыл болып жүреді", - дейді маман.

Жүрек бүкірі

Жүрек ауруы бар адамдар әдетте арық келеді. Сондай-ақ оларда туа пайда болған жүрек бүкірі болады.
Дереккөз: ​massaget.kz
​​​
11 ақпан 2024 ж. 218 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930