СЫРҒАЛЫМ – СЫРЛАСЫМ
Өткен аптадағы үрдісті жалғап «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің, облыстық филиалының төрайымы А.Былаева Ы.Жақаев елді мекеніне іс-сапармен келді.
Ауыл аймақ жұртшылығы қаладан келген қонақтар мен ауданның асыл әжелерін жылы жүзбен қарсы алды. Олар әуелі Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейіне кіріп, ішкі аурамен танысып шықты. Содан кейін ауылдық мәдениет үйінің дәл алдында қызметкерлер бауырсақ пісіріп, қонақтармен сәлемдесті. Құдды бір наурыз мерекесі тойланып жатқандай күй кештік. Бұл көрінісі ерекше әсер қалдырды. Ал фойеде оқушылар домбырамен күй тартып, асық ойнаса, қолөнер сурет үйірмелерінің көрмесі де есте қаларлықтай болды. Бұдан бөлек, мәдениет үйінің үлкен залында «Сырғалым – сырласым» атты іс-шара өтті. Бұл іс-шара Рауза Байділдаеваның ұйымдастырумен өтті. Шараға облыстық филиалдың төрайымы Алтынай Мырқықызы мен орынбасары Майра Абдухожаева және Қазақ ССР Білім беру ісінің үздігі Бану Ахметова, Түркістан облысы, Ордабасы ауданының төрайымы Ұлбосын Әбілдаева қатысты. Іс-шараның барысын Иіркөл ауылдық округінің әкімі Орал Ержан мен «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің, Қызылорда облысы филиалының төрайымы А.Былаева ашып берді. Салтанаттың жиынның барысында Ы.Жақаев ауылындағы «Әжелер» ансамблі өз нақышына келтіре ән орындады. Сондай-ақ театрландырылған сахналық қойылым қойылды. Қойылымда қыз бен жеңге арасындағы қарым-қатынас көрсетілді. Сонымен бірге Жансейіт елді мекенінің алтын аналары Қыдыркүл Қалдыбаева басшылық жасаған Жұмакүл Балтаева, Жұмакүл Ерімбетова, Гүлзат Калкузова, Айгүл Бегайдарова, Гүлнара Абдуллаева, Саракүл Давлатова, Әсия Нұрланова, Әсемкүл Жайлаубаева, Жанзира Қалымбетова, Алия Есмұхамедова, Әсемкүл Полатова, Гүлмира Махамбетова көрме ұйымдастырып, ат тергеу дәстүрін көрсетті. Шара соңында Алтынай Былаева ауылдың қажы анасы Әтіркүл Шорабаеваға өзінің жүрекжарды жыр шумақтарын арнап, «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Айнұр Жүгінісованың алғыс хатын табыстады. Марапаттау рәсімінде А.Мырқықызы ақ жаулықты аналарды құрмет төріне шақырды. Атап айтсақ, Ы.Жақаев мекенінің төрайымы деген атауға Р.Байсалбайқызы лайықты деп танылса, асыл әжелер Айымхан Есжанова мен Гүлсара Асанова алғыс хатпен марапатталды. Ал Тамара Бижігітоваға республикалық ел қоғамдық бірлестігінің «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісі табысталды. Айта кетейік, игі шараның ұйымшылдықпен өтуіне №149 Ә.Монтаев атындағы орта мектептің директоры А.Архабаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі К.Бекмырза, С.Уалиханқызы және музей қызметкерлері А.Жакаева, Г.Китанбаева, мәдениет үйінің әдіскері Г.Әбдуғаппарова, көркемдік-жетекші Г.Мұсабаева мен «Балдырған» бөбекжай-бақшасы КМҚ кәсіпорнының басшысы Ж.Нұртаева мен ауылдық мәдениет үйінің басшысы Ж.Әбдиева да үлес қосты.
Айнұр МАХСҰТҚЫЗЫ