Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде итбалық күшіктеп жатыр

Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде итбалық күшіктеп жатыр

Каспий теңізінің қазақстандық секторына жататын солтүстік бөлігіндегі мұздың қалыңдығы — 16 см. Теңіздің Құлалы және Қаламқас аралында итбалықтың күшіктегені анықталды, деп хабарлады Қазақпарат.
Балық шаруашылығы комитеті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Каспий итбалығы – бес елге ортақ теңіз фаунасындағы сүтқоректілердің жалғыз түрі. Итбалық балықты, оның ішінде майшабақты, бұзаубас, атерина, сондай-ақ моллюска мен асшаянын қорек етеді.
«Каспий итбалығы теңіздің солтүстік акваториясын және орталық жағалауын мекендейді. Маусымдық миграция кезінде теңіздің Түркіменстанмен шекарасынан Қазақстандағы жағалауды қоса алғанда Жайық өзенінің сағасына дейінгі аумаққа жүзіп шығады. Италбықтың оңтүстік және орта теңізден солтүстік бөлікке миграциясы қараша айында аяқталады. Оны Каспийдің солтүстік-шығысынан да кездестіруге болады. Желтоқсанның соңына дейін теңіздің Комсомолец шығанағынан Жайық өзенінің атырабына дейінгі солтүстік-шығыс бөлігінің таяз аумағын мекендейді. Бұл аумақ итбалықтың миграциясына, қоректенуі мен демалуына қолайды», – деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.
Қыс маусымында итбалық Солтүстік Каспийдің батыс және шығыс бөлігін, орталық акваториясын мекен етеді. Қаңтар-наурыз айларында итбалықтың көбеюі, қоректенуі, жұптасуы мен түлеуі Солтүстік Каспийдің мұз қатқан бөлігі мен аралдарында өтеді. Аналық дарақтар күшіктеу және күшіктерді қоректендіру үшін мұзға келеді. Аналық дарақ бір күшікті, сирек жағдайда екеуін дүниеге әкеледі. Итбалықтың күшіктеуі қаңтардың екінші жартысында басталған.
«Теңіздегі мұз 2023 жылғы желтоқсанның екінші онкүндігінен қата бастады. «Қазгидромет» РМК-ның теңіздегі станциялары мен бекеттерінің ғарыштық суреттеріне, жедел деректеріне сәйкес, Каспийдің солтүстік жағалауында мұз қалыңдығы 16 см-ге дейін жеткен. Мұздың бұл қалыңдығы каспий итбалықтарының көбеюіне қолайлы ахуал қалыптастырды. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері 26 қаңтардан бері Каспий итбалығыны мониторинг жүргізді. Ақпанның 7-сі күнгі жағдай бойынша Құлалы, Қаламқас аралында итбалықтардың күшіктері анықталды. Теңіз жануарының арасынан ауру, не әлсізі кездескен жоқ. Итбалықтардың жаппай күшіктеуі 10-25 ақпан аралығында өтеді», – деп мәлім етті комитеттің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Солтүстік Каспийде мұз қалыңдығы біркелкі болмауынан күшіктеріне қауіп төніп тұрғанын жазған едік.

syrboyi.kz
Фото:Балық шаруашылығы комитеті
08 ақпан 2024 ж. 132 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (9220)

16 шілде 2024 ж.

№55 (9219)

13 шілде 2024 ж.

№54 (9218)

10 шілде 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031