Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов брифинг өткізді

Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатов брифинг өткізді

Бүгін облыс әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметінде Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Брифингте Шиелі ауданында 2023 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және алдағы міндеттерге тоқталып, бұқаралық ақпарат өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

«Өздеріңізге мәлім, өткен жылы Қызылорда облысының
құрылғанына – 85 жыл толса, Шиелі ауданы 95 жылдық мерейтойын атап өтті. Бұл тарихи сәтке ауданымыз толымды табыстармен жетіп отыр. Мерейтой аясында ауданда түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, тағылымы мен тәрбиелік маңызы зор рухани-мәдени, спорттық бағыттағы түрлі жиындар өтті.

Ең әуелі өткен жылдағы айтулы жетістіктерге тоқталып өтсем, қуанышты жаңалық ретінде Шиелі аймағымызда егін шаруашылығы бойынша «Озат Аудан» номинациясын иелендік. Биыл да сол бағытпен жұмыс жасайтын боламыз.
Аймақ басшысының негізгі тапсырмасына сәйкес, ауданға инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу, салық базасын ұлғайту, кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды көгілдір отынмен қамтамасыз ету, көркейту-көгалдандыру, аудандағы саяси ахуалды тұрақты ұстауға негізгі күш салынуда. Халқымызда «Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» деген жақсы сөз бар. Осы сөздерді басшылыққа алған аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы өткен жылы елді мекендерді дамыту, оның ішінде ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, оларға жайлы орта жасау бағытындағы жұмыстарды ынталандыру, бағалау мақсатында аймақта алғаш рет «Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсы жарияланған болатын. Нәтижесінде, ауданымыз ұйымдастырылған «Үлгілі аудан орталығы» номинациясы бойынша ІІ орынды иеленіп, 3 техника ұтып алса, («Қалдық тасымалдаушы камаз көлігі», «Жол тазалағыш трактор» және «Ассенизатор»көлігі) қараша айында қортындыланған конкурсында І орынды жеңіп, тағы да 3 техника ұтып алды. («Арнайы жол тазалағыш камаз көлігі», «Жер қазушы трактор» және («Қалдық тасымалдаушы камаз көлігі»)

Бұл жетістік күннің ыстық-суығына қарамастан тазалық шараларына белсене атсалысқан барша азаматтардың ортақ жеңісі деп санаймын және шын жүректен алғыс айтамын. Ауданымыз жыл сайын жетістікке толы жұмыстармен аймақта өзіндік орнын алып келеді. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстардың қарқынын күшейтіп, бар мүмкіншілікті пайдаланатын боламыз» – деді аудан басшысы.
05 ақпан 2024 ж. 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9203)

18 мамыр 2024 ж.

№38 (9202)

14 мамыр 2024 ж.

№37 (9201)

10 мамыр 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031