Маңғыстауда 1018 аққу қырылды

Аққулардың қырылуына Қаракөлге құятын сужібергіш жабдықтағы судың шамадан тыс ластанғаны себеп болған еді. Бұған жауапты Rixos қонақүйін басқаратын Aktau Tourism Ltd компаниясына қарсы әкімшілік іс қозғалды.
Тексерістің нәтижесінде Aktau Tourism Ltd компаниясының экология заңнамасын бұзғаны анықталған. Осы үшін «Атмосфералық ауаны қорғау және су объектілерін ластану мен қоқыстан қорғау жөніндегі талаптарды бұзу» және «Қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзу» баптары бойынша іс қозғалған. Қазір айыппұл мөлшері есептеліп жатыр.
kyzylorda-news.kz
Фото: Үстірт қорығы