548 544 КІТАП БАР
Шиелі аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты 32 кітапхана аудан халқына қызмет көрсетеді. Атап айтар болсақ, аудандық орталық кітапхана, 1 аудандық балалар, 4 қалалық, 26 кітапхана ауылдық жерлерде орналасқан. 1 модельдік ауылдық кітапхана және 3 ауылдық онлайн орталығы қоса бар. Бүгінгі таңда мұнда 548 544 кітап қоры болса, оның 361 914 данасы мемлекеттік тілдегі әдебиет.
Бұл руханият ордасының 62 жылдық тарихы бар. Яғни 1962 жылы ауданда кітапхана ісі толыққанды жұмысын бастаған. Содан бері өңір тұрғындарының рухани сусындайтын орталығына айналған аудандық орталықтандырылған кітапхана қызметкерлері оқырман сұранысын қанағаттандыруда аянбай еңбектенуде. Бүгінде кітапханадағы оқырман саны – 29 307 болса, тұрақты келушілер саны – 185 234-ті құрайды. Жасыратыны жоқ, қазір «көпшілік кітап оқымайды» деген сөздерді жиі естіп жатамыз. Бұл бекер сөз екен. Себебі оқырманын жоғалтпай, кітапқұмар қауымның қалауын табу үшін кітапханашылар үздіксіз жұмыс істеуде. Мұны біз үнемі ізденіс үстінде жүретін аудандық орталықтандырылған кітапхана басшысы Гүлдана Жақыповадан естідік. – Біз іс-шараларды жиі өткізу арқылы оқырманымыздың санын арттыруға қол жеткіздік. Оның үстіне жылжымалы кітапхана қызметі де бар. Жылжымалы қызмет арқылы ардагерлердің, мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне кітапты апарып беріп, тұрғындардың көркем әдебиетке қызығушылығын оятуға тырысамыз. Кезінде кітапханада «Кейбір жаңа келген кітаптар мүлдем ашылмай, шаң басып тұрады екен» деген де сөзді жиі еститінбіз. Ал қазір тапсырыспен келген жаңа кітаптардың да беті жиі парақталып, оқырмандардың сұранысына ие болып жатыр. Ол аудандағы кітапхана қызметкерлерінің еңбегі, – дейді ол. Аудандық руханият ордасында тың жаңалықтар көп-ақ. Мәселен, «Адалдық алаңы» жобасы аясында орталық кітапханада «Парасат жолы» орталығы және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай арнайы «Абай» бұрышы ашылды. Он жылдан бері Рабис бағдарламасы бойынша электронды каталогпен жүйелі түрде жұмыс істеліп келеді. Ал 2016 жылдан бастап өлкетану әдебиеттері сандық форматқа көшірілсе, 2018 жылы Коворкинг «Білім» орталығы, араға екі жыл салып «Абай» залы, дәл сол жылы зағип жандарға арналған «Жанарсыз да жарық әлем» клубы ашылған.
КОВОРКИНГ КӨКЖИЕКТІ КЕҢЕЙТЕДІ
Қазақстан кітапханаларының жаңа моделін енгізу мақсатында көпфункционалды «коворкинг» орталығы жобасы аясында ауылдық кітапханалар жанынан «коворкинг» орталықтары ашылып, қазіргі уақытта ауданның 15 кітапханасы мобильді стандартқа көшірілген. Күнделікті өмірімізге ене бастаған ағылшын тілінен аударғанда «коворкинг» сөзі – бірге жұмыс істеу дегенді білдіреді екен. Кітапханалардағы коворкинг орталықтарының ашылуы – бұл оқырмандар үшін жақсы жаңалық. Жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, сананы рухани жағынан дамыту үшін Бала би ауылдық кітапханасында «коворкинг» орталығымен қатар «Қазақ» бұрышы ашылыпты. Айта кету керек, кітапханада қолға алынған әрбір жоба тұрақты жүргізіліп, өз жемісін беріп келеді. – Балалардың тілін дамыту, әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлау, балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамыту мақсатында Шиелі аудандық балалар кітапханасы жанынан «Еркетай» book театры ашылып, оқырманның көзайымына айналып, ата-аналар ризашылығын алды. Сонымен қатар өзге де кітапхана филиалдары «Әжем айтқан ертегі» және «Ертегілер елінде» айдарымен әлеуметтік желі беттеріне шыға бастады. Дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында кеңінен танымал. Жоба әдебиетіміздің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған. Биыл осы республикалық жоба бойынша қазақ прозасына өзгеше өрнек, ғажайып сыр сипат алып келген көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары жаппай оқуға ұсынылды. Аталған акция аясында жүйеге қарасты барлық кітапханада түрлі мәдени іс-шаралар да өткізілді. Жастарды тұлға ретінде қалыптастыру, бос уақытын тиімді пайдалану, кітапқа деген қызығушылығын арттыру кітапхана қызметтерінің негізгі бағыттарының бірі. Осы орайда жүйеге қарасты №2 филиал кенттік кітапханасында «коворкинг» орталығын ашу жоспарлануда. Сонымен қатар биыл «Оқуға құштар өлке» жобасы аясында түрлі тиімді іс-шаралар өткізу басталып кетті, – деді Г.Жақыпова. Біз аудандық орталықтандырылған кітапхана жөнінде ой қозғадық. Бұл руханият ордасына қарап ауылдық кітапханалар бой түзейді. Осы кітапханалар оларды өркендеуге бағытта п тұратын бағдаршам секілді. «Кітап – білім бұлағы» дейді. Ал мыңдаған кітап жинақталған кітапханаларды терең теңізге теңеуге де болатын шығар. Мұхит десе де артық емес. Сол мұхиттан рухани сусындауға, керегіңізді алып оқуға асығыңыз, оқырман!
С.БАХТИЯРҚЫЗЫ