Кәсіпорындарда экологиялық талаптарды сақтау мәселелері қаралды
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында кәсіпорындарда экологиялық талаптарды сақтау, ғылымды коммерцияландыру мәселелері талқыланды. Ведомство басшылары баяндама жасап, тиісті тапсырмалар берілді.
Үкімет жиынынан кейін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев арнайы мәжіліс өткізіп, аймақтағы қоршаған ортаға елеулі әсер ететін кәсіпорындарға жоспарлы тексеру жүргізу қажеттігін атап өтті.
Нұрлыбек Машбекұлы биылдан бастап Қазақстан төрағалық ететін Халықаралық Аралды құтқару қорының экологиялық жағдайды жақсарту бағытындағы қызметін тиімді пайдалану керектігін ескертті. Осыған орай, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қор дирекциясымен бірге орман және су қорын, жануарлар дүниесі мен балық ресурстарын қорғау, өсімін молайту және тиімді пайдалану бойынша жобаларды жоғарғы деңгейде үйлестіру міндеті жүктелді.
Мемлекет басшысының Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 1,1 млн гектар сексеуіл екпелерін егуді ұлғайту жөніндегі тапсырмасы жүйелі әрі мүлтіксіз орындалуы керек.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, өңірлік жоғары оқу орындарының басшылары ғалымдардың өз идеяларын іске асыруы үшін қолайлы орта қалыптастыруы қажет. Коммерцияландыру бөлімдерінің материалдық-техникалық жарақтандырылуын қамтамасыз ету де өте маңызды. Алдағы уақытта ғалымдардың әлеуетін пайдалану үшін қала, аудан әкімдіктері, басқарма жанындағы комиссия, кеңес құрамына ғылым докторларын, оқытушы-профессорларды қосу және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелерде олардың ұсыныс-пікірін ескеруі керек.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
syrboyi.kz

«Бүгінде Қызылорда облысында қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін І санатты 88 және ІІ санатты 110 кәсіпорын бар. Олардың ішінде мұнай және газ өндіру саласында 13 ірі, уран өндіру саласында 4 және қоршаған ортаға елеулі әсер ететін 2 кәсіпорын қызмет атқарады. Өткен жылдың қорытындысымен 15 субъектіге экологиялық бақылау жүргізіліп, 682 млн.теңгенің 54 әкімшілік айыппұлы салынып, оның 542 млн. теңге болатын 49-ы өндірілген. ҚР Кәсіпкерлік кодексіне енгізілген өзгерістерге орай еліміздегі кәсіпорындардың экологиялық талаптарды сақтауы жоспарлы түрде тексерілмеді. Биылдан бастап кодекс талаптарына сәйкестендіріліп, жоспарлы тексерулер жүргізілетін болады”, – деді аймақ басшысы.Мұнан бөлек, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне елді мекендердегі тұрғын үйлерге жақын орналасқан кәсіпкерлік нысандарына талдау жүргізіп, оларды сәйкестендіру тапсырылды. Ал экология департаменті санитарлық қорғаныш аумақтарының сақталуын бақылауы керек. Қала және барлық аудан әкімдері, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірлесіп, өз аумақтарында орналасқан кәсіпорындарда экологиялық, санитарлық, өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуы бойынша және әлеуметтік дауларды болдырмау үшін кәсіпорын басшыларымен кездесу ұйымдастырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуі тиіс. Аймақ басшысы қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төленетін төлемақылардың қосымша көздерін анықтап, салық базасын ұлғайтуды тиісті басқарма басшыларына тапсырды.