Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Иран мен Әзербайжанның шекарасында жаңа көпір ашылды

Иран мен Әзербайжанның шекарасында жаңа көпір ашылды


Фото: trend.az

Иран мен Әзербайжанның шығыс шекарасында Астарачай өзені арқылы өтетін автокөлік көпірі ашылды. Ол бақылау-өткізу пункті қызметін атқарады.

Иранның Жол және қала құрылысы министрлігінің мәліметіне қарағанда, көпірдің ашылу салтанатына Парсы елінің аталған ведомствосының басшысы Мехрдад Базрпаш пен Әзербайжан премьер-министрінің орынбасары Шахин Мустафаев қатысқан.

Көпірдің ұзындығы – 89 метр, ені – 30,6 метр. Ол төрт жолақты. Көпір 5,8 млн еуроға (шамамен 6,4 млн доллар) 22 айда салынған. Сондай-ақ оның екі жағында ені 2,5 метр жабық жаяу жүргіншілер жолы бар, – делінген хабарламада.

Әзербайжан премьер-министрінің орынбасары былтыр екі ел арасындағы жүк теміржол тасымалының 47 пайызға көбейгенін, 2022 жылмен салыстырғанда жүктің көлемі 700 мың тоннаға артқанын айтты.
03 қаңтар 2024 ж. 298 0

Қоғам

Лайкқа    лайық өмір іздеп...
21 қыркүйек 2026 ж. 90

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (9436).

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930