Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қызылша жұқтырған 2 бала қайтыс болды – ДСМ

Қазақстанда қызылша жұқтырған 2 бала қайтыс болды – ДСМ


Айжан Есмағамбетова, фото: Halyq Uni

Елімізде қызылша жұқтырған 2 бала көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары – Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

«Қызылша ауруынан 2 бала өлімі тіркелді. Олар – бір жасқа дейінгі балалар және қызылшаға қарсы екпе алу жасына толмаған. Бұл оқиға Астана мен Шығыс Қазақстан облысында болды. Шетінеген балалардың бірі шала туған. Ол бұған дейін де аурушаң болған және қызылша жұқтырған», - деді Айжан Есмағамбетова Сенат кулуарында.

Қазақстанда қызылшаға байланысты эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Сарапшылар вакцина салдырмаған балалардың қызылшадан көз жұмуы мүмкін екенін ескертті.

Денсаулық сақтау министрлігі вакцина салдыруға қарсы ата-аналарға қатысты сараптама жүргізген. Соған сәйкес, ата-аналардың бір бөлігі жеке ұстанымы бойынша вакцина салдыруға қарсы. Бір тарап діни наным-сенімі бойынша салдырмайды. Енді бірі ненің дұрыс, ненің бұрыс екенінің аражігін ажырата алмай жүр.
28 желтоқсан 2023 ж. 223 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031