Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Министрлік қаңтардан бастап кімдердің жалақысы өсетінін мәлімдеді

Министрлік қаңтардан бастап кімдердің жалақысы өсетінін мәлімдеді


Фото: Halyq Uni

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстанда ең төмен жалақы мөлшері 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге дейін ұлғайтылады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмысшыларға еңбекақыны ЕТЖ-дан төмен болмайтын деңгейде қамтамасыз етуге міндетті. Нәтижесінде 85 мың теңгеге дейін жалақы алатын түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың барлық салаларында жұмыс істейтін 1,8 млн-ға жуық жалдамалы жұмысшының, оның ішінде бюджет саласындағы 350 мың қызметкердің ақшалай кірістері өседі.

Бірінші кезекте ЕТЖ-ны арттыру «жалақысы төмен» қызметкерлерге қатысты болады. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер разрядаралық біліктілік жүйесін ескере отырып, қызметкерлердің басқа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады.

Еске сала кетсек, ЕТЖ – еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарт және жыл сайын тиісті қаржы жылына сәйкес «Республикалық бюджет туралы» ҚР Заңымен белгіленеді.
27 желтоқсан 2023 ж. 196 0