Президент пластмасса бұйымдарын шығаратын зауытқа барды
Фото: t.me/aqorda_resmi
Президент пластмасса бұйымдарын шығаратын «Бірыңғай шоғырландыру орталығы» ЖШС зауытына барды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
2018 жылы негізі қаланған компания резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіреді. Кәсіпорын жыл сайын 72 миллион бақылау-индикатор пломбалары мен өздігінен жабысатын лейблдер, сондай-ақ мал шаруашылығында қолданылатын 24 миллион дана сырға шығарады.
«Универсал» ЖШС компаниялар тобына кіретін «Бірыңғай шоғырландыру орталығы» полипропилен қаптарын шығаратын зауытты, сондай-ақ Қазақстанның өзге де өңірлерінде крахмал және крахмалдың қантқа айналып үлгермеген түрін өндіретін ірі өндіріс орнын басқарады.
Қазір Түркістан облысының Шардара қаласында жүгері дәнін терең өңдеу жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Зауыттың қуаты жылына – 150 мың тонна.
Компаниялар тобы 80-нен астам өнім түрін шығарады. Мұнда 3 400 адам жұмыс істейді. Салынған инвестиция көлемі – 60 миллиард теңге.