Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынған мектепті аралап көрді

Президент жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынған мектепті аралап көрді


Фото: t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Астана қаласындағы №96 мектеп-гимназияны аралап көрді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Президентке білім ошағындағы оқу-тәрбие жұмыстарының барысы таныстырылды.

Бұл мектеп жемқорлардан тәркіленген қаржыға салынған. Биыл пайдалануға берілген гимназия елорданың сол жағалауындағы басқа мектептердің жүктемесін азайтуға септігін тигізді. Қазір мұнда 1 466 оқушы білім алады.



Қасым-Жомарт Тоқаевқа қоғамдық-гуманитарлық бағытта білім беретін мектеп-гимназияның оқу үдерісі туралы баяндалды. Оқушыларға ағылшын, француз тілдерімен қатар, қытай тілі де оқытылады.



Мектеп директоры Сәуле Теменованың айтуынша, мұнда инклюзивті білім беруге баса назар аударылған. Бұл ретте әр оқушыға жеке оқу бағдарламасы әзірленген. Сондай-ақ инклюзивті қолдау, емдік дене шынықтыру және бейіналды даярлау кабинеттері бар.

Бүгінде мектеп-гимназияда арнаулы білім беруді қажет ететін 28 бала оқиды.
Сонымен қатар мектепте цирк, қыш өнері, балет үйірмелері жұмыс істейді.
15 желтоқсан 2023 ж. 322 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930