Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлардан алынған 60 млрд теңге игерілмеген – министр

Жемқорлардан алынған 60 млрд теңге игерілмеген – министр


фото: Halyq Uni

Бүгінде жемқорлардан алынған шамамен 60 млрд теңге жұмсалмаған. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. 

Оның айтуынша, жемқорлардан барлығы 150 млрд теңге қайтарылған.

«150 млрд теңгеден аса қаражат арнайы шотқа түсті. Қателеспесем, одан 62 мектепті салуға қаражат бөлінді. Қазақстанның әрбір аумағынан берілген ұсынысқа сәйкес қаражат бөлінді. Бірақ оның барлығы бөлінбеді. (Мектептерді салуға) 90 миллардқа жуық теңге бөлінді. (Шотта) 60 млрд теңгеге жуық қаражат бар. Апатты және үш ауысымды мектептер болса, оларды жөндеуге қатысты өтінім түссе, қалған ақшаны бөлу жағын қарастырамыз. Республикалық бюджет комиссияның шешімімен қаржы бөлінеді», - деді Үкімет басшысының орынбасары Мәжіліс отырысынан соң.
13 желтоқсан 2023 ж. 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9234)

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (9233)

30 тамыз 2024 ж.

№68 (9232)

27 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30