2024 жылға арналған зейнетақы жинағының шекті сомасы өзгеріссіз қалды
көрнекі фото: Halyq Uni
БЖЗҚ 2024 жылы зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегін жариялады. Қордың хабарлауынша, 2024 жылға арналған зейнетақы жинағының шекті сомасы 2023 жылғы деңгейде қалады.
Зейнетақы жинағының шекті сомасын есептегенде 2024 жылға арналған төмендегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер негізге алынған:
- ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге;
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге.
2021 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың шекті мөлшері 2022 жылы шамамен 1,8 есе өсетіні хабарланды. Мәселен, егер 2021 жылы 35 жастағы азаматтар үшін шекті көрсеткіш 2 940 000 теңге болса, келесі жылдан бастап ол 5 060 000 теңгеге дейін өседі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көпшіліктің пікірін ескеріп, Үкіметке зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалануға қатысты шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.