Қытайдан шыққан жаңа қатерлі инфекция Мәскеуге жетті
Фото: Алексей Сухоруков
Ресейге Қытайдан шыққан жаңа инфекциялық ауру жетті. Бұл туралы ren.tv хабарлады.
Телеарнаның мәліметіне қарағанда, микоплазмалық инфекция Ресейде де кездесе бастаған. Қазір ауруды жұқтырып алғандар мен олармен қарым-қатынаста болған адамдар қатаң зертханалық тексеруден өтіп жатыр.
Микроплазмалық пневмония көбіне балалар мен жасөспірімдер арасында, әсіресе, күз-қыс кезеңінде жиі кездеседі. Оның белгілері ұзақ уақытқа созылатын жөтелден, кеуденің ауруынан, өкпенің қабынуынан байқалады. Диагнозды анықтау үшін ПЦР-тест тапсыру керек, – делінген Роспотребнадзордың хабарлмасында.
Қазір кесел Мәскеу мен Санкт-Петербургке де жеткен. «Известия» басылымына сілтеме жасаған ren.tv-ның хабарлауынша, Петербург қаласының Денсаулық сақтау комитеті Филатов атындағы №5 балалар клиникалық ауруханасында әрбір үшінші баланың пневмонияның осы түрімен ауырып жатқанын мәлімдеген.
Біз мұндай ауруды бұрын-соңды көрмеген едік. Қазір әрбір екінші-үшінші бала пневмония стационарында ЖРВИ-мен (ОРВИ) ауырып жатыр. Соның 50-80 пайызы – микоплазмалық инфекция, – деді Денсаулық сақтау комитетінің штаттан тыс балалар инвекционисі Елена Дондурей.
Мәскеудегі №2 клиникалық аурухананың инфекционисі Вероника Кулеш қалада микоплазмалық инфекция жылдам таралып жатқанын айтты. Ол дәрігерлер аурудың асқынып кетпеуі үшін диагностиканы ерте жасамаса, оның соңы қайғылы аяқталуы мүмкін екенін ескертті.