Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жаңа қожайыны анықталды

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жаңа қожайыны анықталды


Фото: © Sputnik

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ға қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев қаржы құятын болды. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Жаңа инвестор («АрселорМиттал Теміртаудың») – Allur Group компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев. 1-2 күнде ол активті басқаруға алады, - деді министр.

БАҚ мәліметінше, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ активін Allur Group акционері, қазақстандық кәсіпкер Андрей Лаврентьев сатып алған. Ол «АрселорМиттал Теміртауға» 3,3 млрд доллар инвестиция салады. Оның 1,5 млрд долларын бірден салмақ.
Айта кетейік, Андрей Лаврентьев 1979 жылы Алматы қаласында туған. Ол – «Қазақстандық автобизнес қауымдастығының» негізін қалаушы және президенті, Allur Group компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы. Оның құрамына «Агромашхолдинг» және «СарыарқаАвтоПром» компаниялары кіреді. Allur Group – Chevrolet, KIA, JAC және LADA автобрендтерінің Қазақстандағы ресми өндірушісі және дистрибьюторы.
Еске сала кетсек, 28 қазанда түнгі сағат 02:33-те Қарағанды облысының Костенко шахтасында жарылыс болып, 46 кенші қаза тапқан еді. Қайғылы оқиғаға байланысты елімізде 29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Сондай-ақ Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің толық тізімі жарияланған болатын.
08 желтоқсан 2023 ж. 195 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930